Бесобалықтар жеті жылдан бері пәтерлерін ала алмай жүр

16.05.2019, 21:31

206

Тапа тал түсте кескен теректей құлап қалған Бесоба тұрғынүй кешенінің жұрты  жеті жыл өтседебаспаналарына жете алмай баз кешуде. Бүгін шыдамдары таусылған жұрт облыстықпрокуратураға барды.

2012 жылыҚарағандыда Бесоба тұрғын үй кешені жұрттың көз алдында құлап дүйім жұрттышулатқан еді. Содан бері жеті жыл өтседе Бесобада пәтерлері болған  жүз шақты отбасы күні бүгінге дейінпәтерлеріне жете алмай жүр.Бесобалықтар жылда баспананың кілтін алып қалармыз деген үмітпен жүреді. Бүгін облыстықпрокуратураға барған жұрттың дауын прокурорлармен қоса қала әкімінің орынбасарыЖақсылық ШАЛАБЕКОВ тыңдады.

 «Үй салыныпберіледі деген уәдені тыңдап келе жатқанымызға бір талай уақыт болды. Жетіжылда бір көршіміз қайтыс болды. Оның тіпті артында ешкімі қалмапты пәтердіалатын. Жеті жыл деген ол әжептеуір уақыт өтіп жатқан өмір. Желтоқсан айындакездескенде тағы уәде берілді. Менің ойымша бұл әкімнің есеп беруіне дайындықболса керек, сонда сіздер наурызда үй беріледі дедіңіздер, бізге нақты мерзімінайтыңыздаршы өзі бұл бітетін үй ме», — деп қынжылысын білдірді Бесоба тұрғын үй кешенініңтұрғыны Нағима.

Бастапқыда мемлекеттік бағдарламамен Бесоба тұрғын үй кешені салынғанда пәтердің әр шаршы метрінің құны 90 мың теңгеге бағаланған.Осы бағалау бойынша республикалық бюджеттен қаражат бөлінген.Кейін жоба сметалық құжат бойынша бұл баға 136 мың теңгеге көтерілген. Бесобаның орнына Шапағат тұрғын үй кешенін салуға кіріскен мердігер кейбір блоктардағы пәтерлерді сатып, жетпей қалған сомманы жаппақ болған. Осы жұмыстарды толық аяқтамаған мердігерді әкімшілік сотқа беріп, ол жоғарғы соттың шешімімен кінәлі деп танылған.Енді бұл мердігер жұмысты аяқсыз қалдырғаны үшін шығынды өтейді.Осының салдарынан құрылыс созылып кеткен.Бүгінде бұл үйдің құрылыс жұмыстарын аяқтауды Сартан ЖШС мердігер ретінде кіріскен.Алайда оның да «кірісіп» жатқанына бірталай уақыт болды.Тұрғындардың айтуынша Бесобада құрылыс жұмыстары өте баяу жүргізіледі тіпті кей кезде ұзақ уақытқа тоқтап қалатын көрінеді.Осы тұрғын үй кешенінің төрт подъезіне бесобалықтар қоныстануы тиіс болатын.

Жұртпен кездесуге келген қала әкімнің орынбасары Жақсылық Шалабековтің мәліметінше үйдің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалыпты.Тек ішкі ұсақ түйек жұмыстары бар екен. Дегенмен шенеунік жұрттың талап еткеніне қарамастан нақты пәтер кілтерінің қашан берілетінін айтпады. Осылайша бесобалықтардың кездесуден тағы да тауы шағылып қайтты. Жұрт биліктегілер нақты жауап айтпады деп наразы болды.

«Мен зейнеткермін, осы пәтерді алу үшін 20 жыл ақша жинадым.СоданБесоба болып тұрғанда мұны сатып алдым.Сол кезде салғанда әкімшіліктің құрылысбөліміндегілер қате жіберіп алды. Өзбектер мен тәжіктерге салғызды, ешқандайқадағалау болған жоқ. Бұл үй құлағаннан бері бес облыс әкімі ауысты, ешкімештеңе жасай алмады. Біз әлі зарлап жүрміз», -дейді Бесобадан үй сатып алғантұрғын Болат Әшірбеков.

БиліктегілерБесобаның орнына салынып жатқан тұрғын үй кешенін Шапағат деп атаған еді. Алайдатұрғындар бұл үйде шапағатты болмай тұр деп қынжылады.

Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Сайлау– 2023: Бір өкініш, Бір үміт...
    06:56
  • Оқшауланған Ресей: Путин тұтқындала ма?
    06:37
  • 13-премьер: құт па, жұт па?
    06:45
  • Қандай елде өмір сүреміз?
    17.03.2023, 05:35
  • Сайлау: Мойның жуан болса мақтан, жіңішке болса - сақтан!
    17.03.2023, 05:28