Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:00, 06 Қазан 2023

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы Иран құқық қорғаушысына берілді

наргис мохаммади
Фото: nobelprize.org

Әйелдердің құқығын қорғап, ел билігі түрмеге жапқан иран  құқық қорғаушысы Наргис Мохаммади 2023 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығын иеленді. Ослодағы Нобель комитеті өз шешімін 7 қазан, жұма күні жариялады.

Бұл туралы Нобель комитетінің ресми сайты хабарлады.

"Норвегиялық Нобель комитеті 2023 жылғы Бейбітшілік сыйлығын Ирандағы әйелдердің қысымына қарсы және баршаға арналған адам құқықтары мен бостандығын ілгерілету жолындағы күресі үшін Наргес Мохаммадиге беру туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

2022 және 2021 жылдардағы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаттары

2022 жылы Нобель сыйлығы ресейлік, беларусьтік және украинның құқық қорғаушыларына – Алес Беляцкий, Ресейдің «Мемориал» адам құқықтары қоғамының, Украинаның азаматтық бостандықтар орталығының және беларусьтің «Весна» құқық қорғау орталығының негізін қалаушыларына берілді.

2021 жылғы Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаттарының бірі «Новая газетаның» бас редакторы Дмитрий Мұратов болды. Онымен бірге марапат Филиппиндік журналист Мария Рессаға да табыс етілді. Мұратов пен Ресса «демократия мен баспасөз бостандығы барған сайын қысымға ұшырап жатқан әлемде осы жолда күресетін барлық журналистердің өкілі», - деп атап өтті комитет. Мұратов Нобель сыйлығын алған үшінші ресейлік атанды. Бұған дейін сыйлық физик және құқық қорғаушы Андрей Сахаров пен КСРО-ның жалғыз президенті Михаил Горбачевқа берілген болатын.

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы алғаш рет 1901 жылы берілді. Оның лауреаттары Халықаралық Қызыл Крест комитетінің негізін қалаушы, швейцариялық кәсіпкер және қоғам қайраткері Анри Дюнан және «Бейбітшілік пен еркіндік лигасы» пацифистік ұйымының негізін қалаушы, француз саясаткері Фредерик Пасси болды.

Айта кетейік, бұған дейін 2023 жылғы медицина , физика, әдебиет және химия бойынша Нобель сыйлығының лауреаттарын жазған едік.