Биыл елімізде қанша пәтер салынады?

2025 жылы Қазақстанда 19 миллион шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлім етті.
Қазақстанда тұрғын үй мәселесі өзекті болып табылады, себебі баспана әрбір азаматтың негізгі қажеттіліктерінің бірі. Мемлекет бұл мәселені шешу үшін бірнеше бағдарламалар мен шараларды жүзеге асырып жатыр. Президен Қасым-Жомарт Тоқаев та баспана мәселесінің қаншалықты өзекті екеніне тоқтала отырып: «Қолжетімді тұрғын үй – бұл арман емес, біздің азаматтарымыз үшін жасауға міндетті нақты шындық», – деген еді. Осы жолда тұрғын үй саясаты аясында қазір бірқатар істер атқарылып жатыр. Мысалы, жоғарыда айтып өткеніміздей биыл 19 млн шаршы метр яғни, 175 мың тұрғын үй салыну жоспарланған. Егер бұл көрсеткішке қол жеткізетін болсчақ, былтыр тәуелсіз елдегі рекордтық көрсеткіштен де асып түсетін боламыз.
Елімізде үй алуға болатын бірнеше бағдарлама бар. Енді солардың кейбіреуіне жеке-жеке тоқталып өтейік. Мысалы, тиімді бағдармалардың бірі "Нұрлы жер бағдарламасы" деп аталады. Аталған бағдарлама халыөты өолжетімді баспанамен қамтуды көздейді. Осы жолда өткен жылдары бірнеше млн шаршы метрлі үйлер садынып, бірнеше мың адам баспаналы болды. Статистиканы атап көрсетер болсақ, 2017-2019 жылдары бағдарлама аясында 36,8 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 330,3 мың тұрғын үй салынды. Ал алдағы уақытта, яғни, 2026 жылға дейін 102,3 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда, бұл шамамен 900 мың тұрғын үйді құрайды. Халыққа тиімді ьағы бір бағдарлама "Бақытты отбасы бағдарламасы" деп аталады. Бұл бағдарлама аясында толық емес отбасылар, көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тәрбиелеп отырған отбасылар 2 пайызбен үйлі бола алады. Ол үшін алдымен 10 пайыз болатын баспана жарнасы төлеу керек. Бұл жерде тағы бір айта кететін маңызды жайт үй құны Алматы, Астана, Шымкен, Атырау, Ақтау сияқты ждерлерде 15 миллион теңгеден, ал еліміздің басқұа аймақтарында баспана құны 10 милиион теңгеден аспауы тиіс.
Бұдан бөлек елімізде жастарды қолдау мақсатында жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер ұсынылады. Бұл шара жастардың баспана мәселесін шешуге және олардың еңбек нарығында тұрақтануына ықпал етеді. Жоғарыда аталған бағдарламалар мен шаралар Қазақстандағы тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған кешенді жұмыстардың бір бөлігі болып табылады. Мемлекет халықтың әртүрлі топтарын қолжетімді және сапалы баспанамен қамтамасыз ету үшін жүйелі түрде жұмыс жүргізуде.
Үкімет осы ауқымды міндеттерді орындау үшін «Бәйтерек» холдингі арқылы қосымша 500 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отыр. Аталған қаражат тұрғын үй құрылысының дамуына, жалға берілетін тұрғын үй субсидиялары мен жеңілдікті ипотекалық несиелер сияқты бағдарламаларды қолдауға бағытталмақ.
Тұрғын үй саясатын реформалауда маңызды қадам ретінде Президент азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуда мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды. Осы заң аясында «Отбасы банкі» негізінде Тұрғын үймен қамтамасыз етудің толыққанды институты құрылады. Бұл мекеме тұрғын үй кезегіне қою, баспана бөлу және жеңілдікті ипотекалық несиелер беруді орталықтандырылған түрде жүзеге асырады.
Тұрғын үйді бөлу кезектегі тұрған күніне және азаматтардың табыс деңгейіне байланысты жүзеге асырылады. Мысалы, отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы бір күнкөріс минимумынан аспайтын отбасыларға жалға алу төлемінің бір бөлігі субсидияланады. Ал табысы бұдан жоғары азаматтарға бастапқы жарнасы төмен және жылдық мөлшерлемесі 2%-дан 9%-ға дейін болатын тұрғын үй бағдарламалары ұсынылады.
Жалпы алғанда, тұрғын үй саясаты халықтың өмір сүру сапасын жақсартуда және ел экономикасын дамытуда маңызды рөл атқарады. Жоспарланған шаралардың орындалуы азаматтарды сапалы әрі қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етіп қана қоймай, құрылыс секторын ынталандырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және экономиканың өсуіне жағдай жасайды.