Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:41

Биыл ирригация жүйелеріндегі су шығыны 250 млн текше метрге дейін азайды

су қоймасы
Фото: из открытых источников

Биыл Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті ирригациялық және дренаждық жүйелерді қалпына келтіру жұмыстары аясында 8,47 км канал, 11,2 км коллекторлық-дренаждық жүйе және 27 ұңғыманы реконструкциядан өткізді.  

Бұл шаралар нәтижесінде ирригациялық каналдардағы су шығынын жылына 250 млн текше метрге дейін қысқартуға және 95 мың гектар алқапты суармалы сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді.

«Су шаруашылығы мен ирригациялық жүйелерді дамыту үшін қазір 14 ірі жоба іске асырылып жатыр, олар 2026-2027 жылдары аяқталады. Бұдан бөлек, тағы 211 жобаның жобалау-сметалық құжаттары дайындалып жатыр», – деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев.

Тегтер: