17:25, 30 Шілде 2024
Биыл туризм саласына 400 млрд теңгеге жуық инвестиция салынды
Биыл туризм саласындағы инвестиция көлемі 390,5 млрд теңгені құрады.
Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 2 есе көп.
Үкімет ақпаратынша, 399,8 млрд теңге сомасына 61 инфрақұрылым жобасы бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Мемлекеттік қолдау шеңберінде елге келу туризмі саласындағы шығынның бір бөлігін, Қазақстан ішінде кәмелетке толмаған жолаушы үшін билет құнын, туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде және басқа да субсидиялау жөніндегі жобалар мақұлданды, делінген хабарламада.
Қонақ үй саласы үшін жеңілдетілген несиелеу мерзімі 10 жылға дейін ұзартылды.
Ақтөбе мен Павлодарда халықаралық франшизасы бар қонақ үйлердің құрылысы басталып кетті.