Билік карантин жарияланбаған қалалардағы сауда орындарының жұмысына рұқсат етті

24.03.2020, 00:06

2

Қазақстан үкіметі төтенше жағдай кезінде карантин енгізілмеген аймақтарда сауда орындары мен базарлардың жұмыс істеуіне рұқсат етті. Бұл шешімді Сауда және интеграция министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі бірігіп қабылдады.

Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 15 наурыздағы ел аумағында төтенше жағдай жариялау туралы бұйрығына өзгеріс енгізілген.

Өзгеріске сай, карантин жарияланған аймақтарда аумағы 2000 шаршы метрден кем емес сауда, ойын-сауық орталықтары, гипермаркеттер, сауда үйлері, базарлар төтенше жағдай уақытында таңғы сағат оннан кешкі алтыға дейін жұмыс істейді. Тамақ сатпайтын базарлар таңғы 11-ден кешкі беске дейін ашық болады.

Бұл ереже карантиндегі Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында жүрмейді.

Қазір Қазақстанда барлығы 62 адам Covid-19 дертіне шалдықты. Нұр-Сұлтанда — 32 адам, Алматы қаласында — 26 адам, Қарағанды қаласында — екі адам, Алматы облысында — бір адам, Ақтөбе облысында — бір адам коронавирус жұқтырды.

Қарай отырыңыз: Қазақстандағы коронавирус динамикасы

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы карантинге көшті. Төтенше жағдай жарияланғанда ел аумағындағы сауда және ойын-сауық орталықтары, тамақтан басқа зат сататын дүкендер мен сауда орындарының жұмысы тоқтатылған еді.

Коронавирус бойынша Қазақстандағы және әлемдегі жағдай жайлы мына сілтемеден оқи аласыз.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04