Билік карантинде жұрттың аулаға шығуына және саяжайға баруына рұқсат етті

27.04.2020, 22:12

3

Қазақстандағы коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссия 27 сәуірден бастап жұртқа үйдің ауласына шығып жүруге және саяжайға баруға рұқсат етті.

Артынша, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі ресми сайтында мәлімдеме жасап, саяжайға тек жеміс-жидек отырғызуға болатынын, қонақ шақыруға, саяжай аумағында тамақ пісіріп отырыс жасауға тыйым салынатынын мәлімдеді. Нұр-Сұлтан тұрғындары карантин аймағынан тыс жерде орналасқан саяжайға да бара алады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдайды 11 мамырға дейін созды. Сөзінше, Қазақстан індеттің шарықтау шегінен өткен жоқ. Ахуалдың бақылаудан шығып кету қаупі бар. Тоқаев 1 мамырдан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында әуе рейстері ұша бастайтынын мәлімдеді.

Елде коронавирус тарауына байланысты төтенше жағдай 16 наурызда жарияланған. Қазақстанның басым бөлігі карантинде.

Қазақстанда барлығы 2835 адамнан вирус табылды (дүйсенбіде 118 адам қосылды). 720 адам дерттен айықты (дүйсенбіде 38 адам). 25 адам COVID-19 дерттен қайтыс болды. 26 сәуірде елде 97 жастағы адам көз жұмған. Ол адамнан да вирус анықталған еді. Бірақ министрлік марқұмның өліміне коронавирус жанама түрде әсер етті, өліміне басқа да дерттері әсер еткен” деген шешім шығарған.

Ресми мәліметке сай, елде коронавирус жұқтырған 15 науқастың жағдайы ауыр, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда мамырдың соңына дейін 4 мыңдай адамға вирус жұғады деп болжайды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04