Билік не үшін үрейленеді?

18.03.2020, 18:41

3


Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап ел басқару жүйесі озбырлықтарға жолберіп, конституциялық құқықтарды өрескел бұзумен, сөз бостандығын тежеуменкеледі. Ал соңғы кездері сөз бостандығы бұрын-соңды болмаған қудалауға, қыспаққатүсіп отыр. Азаматтарды заңсыз ұстап әкету, түн жамылып қамауға алу, сот пен құқыққорғау орындарының сорақы іс-әрекеті, күштік құрылымдарға ол үшін ешқандай дажаза болмауы қазіргі билік үшін қалыпты жағдайға айналды.

   Белсендіні «құрбандыққа шалу» арқылыбасқаға сабақ болсын» деп, шындықты шырылдап айтқан азаматтардың соңына түсіпжатқандарын қарапайым халық көріп отыр. Егер әрдайым ізгілік салтанат құрып, зұлымдықаласталса, біз Алтынбек, Заманбек, кешегі Дулат Ағаділ сынды арыстарымызданайырылып қалар ма едік? Осындай жантүршігерлік оқиғадан кейін шын мәнінде біздіңқоғамда саяси мақсатпен адамдарды құрбандыққа шалатыны белгілі бола бастады.Егер билікте иненің жасуындай жауапкершілік болса, мұндай талай сойқан істерге,бассыздыққа жол бермеуге болар еді. Бүгінде күштік құрылымдар мемлекеттің,  ел азаматтарының  бас амандығынан  гөрі биліктің қауіпсіздігін, жеке мүдделерін ғанақорғайтын  топқа айналғаны ешкімгежасырын емес.

Митинг, шеру дегеніміз – адамдардың өз пікірін, көзқарасын ашық жариялаудыңбір түрі ғана. Созылмалы сипат алған дағдарыс, шыңына жеткен жемқорлық,сайлаудағы әділетсіздік, баға мен тарифтердің ретсіз әрі күрт өсуі,  Қазақстанға АЭС салу, ядролық қалдықтардың   шетелден әкелінуі т.б. мұның бәріне наразылықбілдіріп, халық шеруге шыққысы келсе, билік рұқсат бермейді, бірен-саран адамбірігіп шеруге шыға қалса, бірден құрықталып, айыпталып қамалады, әкімшілікжазаға тартылады. Қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің  жұмбақ жағдайда бақилық болуына байланысты Қазақстанныңбірнеше қаласында халық алаңға шығып, билікке наразылығын білдірмекші болыпеді. Бұл жолы да рұқсат бермеді. Сонда халық өз ойын, пікірін ашық білдіріп,бас қосып жиын өткізе алмаса қалай болғаны? Бүйте берсе,   қарапайым халық өз жерінде өмір сүруге қақысыболмайтын да шығар. Елді дамыту мен өркендету жолында билік азаматтардыңотаншылдығы мен ерік-жігеріне арқа сүйеудің орнына, керісінше, авторитарлық тәсілдергебой алдырғаны қалай? Сөйте тұра, билік елде тұрақтылық болсын дейді.   Егербиліктегілер салиқалы ұлт саясатын жүргізсе, қазіргі ұлт басындағы проблемалартуындамаған болар еді.

      Бүгінге дейін ұлт жанашырларыныңкөтеріп жүрген тіл, жер, тағы да басқа ең өзекті мәселелері шешімін тауып, жүзегеасқан жағдайда, сөз жоқ, мұның өзі ұлттық рухтың көтерілуіне, патриоттықсезімнің оянуына, мемлекетшілдіктің қалыптасуына негіз болар еді.  Алайда бүгінгі билік бұқара халықты қоғамдық,әлеуметтік және саяси белсенділіктен шектеп, тым жасқаншақ күйге жеткізгісі келеді. Қорқыту мен үркіту арқылыжағдайды реттемек. Еліміздің таңдаулы азаматтарын түрмеге отырғызып, саяси қуғын-сүргінді тоқтатпаған биліксонымен мемлекеттілікті күшейттім деп есептейді. Әрине, бұл ұстаным  биліктегілер үшін тиімді шығар. Алайда бұл жағдайбилік үшін құтқарушы күш бола алмайды. Тарихтың объективті ағысына қарсы жүзугеұмтылыс еш жақсылыққа апармайды. Ұлттық сезімдерін жоғалтпаған, туған елінің бүгінімен ертеңіне шынайы алаңдаған халықшыл азаматтар мен оппозицияшыл күштерге дұшпанкөзбен қарау, оны тұншықтыру іс-әрекеттері, керісінше, халықтың билікке деген қарсыәрекетін оятып, арандата түседі. Мемлекеттің ертеңіне деген сенімділікті жояды,жоғалтады.  Халықтың үмітін үзеді, ең қауіптінәрсе – осы.

      Қоғамда проблемалар қордаланғансайын халықтың айтар сөзі күшейеді. Ащырақ әрі анығырақ бола түседі. Бұл –саясат заңы. Ал әділетсіздік пен әділеттіліктің сындарлы тепе-теңдігі бұзылғанжағдайда қоғамның толқуы кез келген елде болады. Бұл да өмір заңы. Өз халқынан қорқып,  оны тұқыртып ұстауға әуестердің аяғы немен аяқталатынында басқа елдердің   мысалынан көріп жүрміз.Бәлкім, биліктегілер  тұрақтылық қажетдеп, елді алдаусыратуға болатын шығар. Бірақ әділетсіздік өршіп тұрған елде қандайтұрақтылық болсын?! Бүгінде биліктегілер саяси реформа жасаймыз деп белсенділіктанытып-ақ жатыр. Президент Тоқаевтың саяси реформаға қатысты ұсыныстары елдідемократияға  біртабан жақындатты депжалаулатқанымен, ел ішінде осы өзгерістерге қатысты біршама күмән бар. «Билік қоғамдыдемократияландыру, сайлау жүйесін өзгерту, парламентті күшейту, оған президент өкілетініңбір бөлігін беру туралы айтқанымен, алайда бұл орындалмады» деп,  сарапшылар тарапынан  қатты сынға ұшырауы көп жайды аңғартса керек.

   Президент Тоқаев «парламенткеоппозициялық партияны ашық бәсеке арқылы емес, кепілдендірілген орын беру арқылыөткізу керек» дейді. Оппозициялық партияға квота беріп, мәжіліске өткізудемократияға томпақ екені  әу бастанбелгілі. Оппозицияға кепілдік орын беру парламентке оппозиция өтеді деген сөземес,  оппозиция рөлін ойнайтын «қалталыоппозиция» құру әрекеті тәрізді. «Ауру қалса да, әдет қалмайды» деп, билік бұрынғыдайжаппай бұрмалаушылық жасап, сайлау нәтижесін өз ыңғайына қарап шығарып, «өсуікерек не кетуі керек»  адамдарды анықтап,соларды қайткенде де құлағынан сүйреп, келесі парламентке өткізбек сыңайлы жәнебейбіт шерулер туралы «жаңа заң жобасы» өзіне ыңғайлы ғана митингілерді  өткізбекші ойын аңғартады. Оған санасы  оянабастаған қоғам келісе қояр ма екен? Қоғамда сенімділік тудыру үшін құрылғанбілдей бір кеңестің түкке тұрмайтынын білдік. Егер бүгінгі билік оныңайналасындағылар әлеуметтік реформаға, саяси реформаға халықты жетектей алса, ел ішіндегі ерегіс те,  кикілжің де азаяр еді. Егер осының бәрі елдіалдауға арналған  бетперде болса, онда бүгінгібилік көп нәрседен  айырылып қалуы мүмкін. 

Мұрат Өтебайұлы  

 Жамбыл облысы










Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34