Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

07.04.2020, 12:50

6

«Жас Алаштың» 19 наурыз күнгісанында «130 ұлт пен ұлыс Қазақтың бағы ма, соры ма?» атты мақала басылды. Мақалажақсы жазылған. Шындығында, елімізде қазақ ұлты ғана тұрады, басқалардыңбарлығы диаспора болып есептеледі.

Бұл сан 2009 жылы Қазақстанхалықтар ассамблеясы атынан жазылған Қазақстан ұлттық бірлігінің доктринасы жобасында «130 ұлт тұрады» дегенжалған дерек айтылды. Алайда бірлескен отырыста мемлекеттік комиссия менқоғамдық ұйымдар және зиялы қауым бұл санды Доктринадан мүлдем алып тастаған. Өкінішкеқарай, бұл мәліметті кейбір журналистер қайталай береді. Ұлттық экономикаминистрлігі статистика комитетінің 2018 жылғы мәліметі бойынша елімізде қазақтардыңсаны – 68%, орыс этносының құрамы – 20%, украин – 1,6%, ұйғыр – 1,4%, татар –1,1%, немістер мен түріктер – 1%. Қалған этностардың саны 1%-ға да жетпейді.Қазақ пен орыстар жалпы 88% құраса, сонда қалған 12% этнос қалай 128 ұлттықұрайды. Бұл жалған ақпарат. Совет дәуірінде «интернациональный коллектив,дружная семья» деп басқа ұлт өкілдерінің санын өтірік көбейтуді бүгіндетәуелсіздік жағдайында да билік жалғастырып келеді. Мемлекет құраушы қазақхалқын «көптің бірі – қолдың кірі» демей, енді өзімізді-өзіміз кемсітудітоқтату керек.

Қазақ халқының орнына«Қазақстандық халық» деу идеясының тамыры әріде жатыр. 1994 жылы 15 шалақазақкосмополит-кәсіпкерлер, банкирлер «қазақстандық ұлт» мәселесін көтерді. ҚРПрезидентінің атына кәсіпкерлер «Казахстанская правда» (22 желтоқсан, 1994ж.)  газетінде былай депжазды: «В связи с введением… новых паспортовисключить графу «национальность», так как мы, многонациональный народКазахстана, являемся одним народом и  нацией – казахстанцами».

 «Қазақстандық ұлт» идеясы бірте-бірте біздіңсан ғасырлық ата-баба рухымен байланысымызды, тілімізді, руханиқұндылықтарымызды жойып, жаңа космополиттік болашақ қалыптастыратыны ешкімгеқұпия емес. Тіпті КСРО-ның соңғы Президенті М.Горбачевтің өзі де космополиттікидеяның елді жақсылыққа бастамайтынын сезді. Сондықтан да ол былай деген-ді: «Нельзя было желать, чтобы русскиезабыли, что они русские, казахи забыли, что они казахи, а грузины забыли, чтоони грузины. Здесь был просчет коммунистического эксперимента» (М.Горбачев,Д.Икеда, «Моральные уроки ХХ века», Москва, 2000 г.)

2010 жылы Қазақстан ұлттық бірлігініңдоктринасы жобасында елімізде 130ұлт пен ұлыс бар деді. Бұл мүлдем шындыққа сәйкес келмейді. Тәуелсіздік жариялағаннанкейін 2,5 миллионнан астам басқа ұлт өкілдері көшіп кетті. Ал үкіметҚазақстанда тұрып жатқан кет, чукча, ханты, манси, нанай бірді-екілі адамдардыбір-бір ұлт деп есептейді.

Біздіңтүсінбейтініміз, неге билікқазақ деп аталуымызға қиянат жасайды? Бұрынғы Кеңес Одағының 14 республикасы,қазіргі 14 дербес мемлекет өз ұлтын сақтап, дамытып жатыр. Біз «қазақ ұлт болып, еңсеміз көтерілді ме?» деген шақта, ұлттығымызды жоғалтуғақарсымыз.  «Қазақ ұлты» деген ұғымдыжоғалтқысы келген Үкімет бізден және шетелде жүрген 5 миллионнан астам қазақтанрұхсат сұрады ма? Жоқ. Әлемдегі 17миллион қазақтың пікірімен санаспай отыр.

Ұлттықмемлекет құруда үлгі алатын елдер –Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Литва,Польша, Германия, Франция және жүзден астам мемлекет бар.  Мәселен,олар«өзбекстандық», «қырғызстандық», «литвандық», «польшалық», «германиялық»,«франциялық ұлт» деп халықтың атын өзгертіп жатқан жоқ. Барлық өркениеттіхалықтар тарихи атты, заңдылықты, табиғи даму жолын өзгертпей сақтап отыр.         

АлАмерика Құрама Штаттарына келсек, оның мемлекет құруы, пайда болуы мүлдем бізгекелмейді. Себебі,ол мемлекет ерекше колонизация арқылы пайда болды. Онда әр тараптан қашыпкелген келімсектер жергілікті халықты қырып, оның орнына Америка мемлекетінқұрғаны  мәлім. Аллаға шүкір, қазақ халқы атам заманнан осы топырақта жаратылып,пайда болған. Бізеш жақтан қаңғырып келген халық емеспіз, бүгінгі бостандыққа өзіміз қол жеткізген халықпыз.

«Қазақстандық ұлт» деген ұғымғакелетін болсақ, жылдар бойы қалыптасқан достығымыз бар еліміздегі барлық ұлтөкілі де (орыс, украин, өзбек, татар, шешен, кәріс, ұйғыр, дүнген және т.б.)ұлтын жоғалтуды қолдамайды. Демек, қазақ ұлтымен бірге басқа да халықтар өзұлтынан айырылуға  қарсы. Сондықтанжұртшылықты, қоғам пікірін тыңдамаған жағдайда ел тұрақтылығы, ұлтаралықкелісімге нұқсан келуі мүмкін.

С.Қалдыбекұлы,

 профессор,

Нұр-Сұлтанқаласы

 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 13:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 12:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 13:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 13:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 13:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 13:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34