Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:21, 23 Маусым 2020

Билік неге және не үшін үрейленеді?

 Тәуелсіздіккеқол жеткізгеннен бастап ел басқару жүйесі озбырлықтарға жол беріп, конституциялыққұқықтарды өрескел бұзумен, сөз бостандығын тежеумен келеді.

Ал соңғы кездерісөз бостандығы бұрын-соңды болмаған қудалауға, қыспаққа түсіп отыр. Өзгеше ойдатүрлі тәсілмен басып-жаншу, азаматтарды заңсыз ұстап әкету, түн жамылып қамауғаалу, сот пен құқық қорғау орындарының сорақы іс-әрекеттері, күштік құрылымдарғаол үшін ешқандай да жаза болмауы қазіргі билік үшін қалыпты жағдайға айналды.Бұрын, 37-жылы ел азаматтарына «халық жауы» айдары тағылса, бүгінде ұлтаралық,«әлеуметтік араздықты қоздырушы» дейтін айып шықты. Сөйтіп, елді қорқыту,үркіту арқылы билеп отырғандай.

      Белсендіні«құрбандыққа шалу» арқылы басқаға сабақ болсын» деп, шындықты шырылдап айтқаназаматтардың соңына түсіп жатқандарын қарапайым халық көріп отыр. Егер әрдайымізгілік салтанат құрып, зұлымдық аласталса, біз Алтынбек, Заманбек, кешегіДулат Ағаділ сынды арыстарымыздан айырылып қалар ма едік? Осындай жантүршігерлікоқиғадан кейін шын мәнінде біздің қоғамда саяси мақсатпен адамдарды құрбандыққашалатыны белгілі бола бастады. Егер билікте иненің жасуындай жауапкершілікболса, мұндай талай сойқан істерге, бассыздыққа жол бермеуге болар еді. Бүгіндекүштік құрылымдар мемлекеттің,  елазаматтарының  бас амандығынан  гөрі биліктің қауіпсіздігін, жеке мүдделерінғана қорғайтын  топқа айналғаны ешкімгежасырын емес.

     Құқық салтанат құрған  демократиялық ел болғанымызда азаматтықпікірін білдіріп, шындықты айтқаны үшін үйінде жатқан адамның шаңырағына баса-көктепкіріп, бейне бір қандықол қарақшы немесе жанкешті террористі ұстағандай қолын қайырып, кісен салып, түн ортасында қақаған аязда күштеп әкете алар маеді? Құқықтық мемлекетке айналмай, жағдай  осылай жалғаса береді. Митинг, шеру дегеніміз –адамдардың өз пікірін, көзқарасын ашық жариялаудың бір түрі. Созылмалы сипаталған дағдарыс, шыңына жеткен жемқорлық, сайлаудағы әділетсіздік, баға ментарифтердің ретсіз әрі күрт өсуі,  ҚазақстанғаАЭС салу, ядролық қалдықтардың   шетелденәкелінуі т.б. мұның бәріне наразылық білдіріп, халық шеруге шыққысы келсе билікрұқсат бермейді. Бірен-саран адам бірігіп шеруге шыға қалса, бірден құрықталып,айыпталып қамалады, әкімшілік жазаға тартылады. Сонда халық өз ойын, пікірінашық білдіріп, бас қосып жиын өткізе алмаса қалай болғаны? Бүйте берсе  қарапайым халық өз жерінде өмір сүруге қақысыболмайтын да шығар. Елді дамыту мен өркендету жолында билік азаматтардыңотаншылдығы мен ерік-жігеріне арқа сүйеудің орнына, керісінше, авторитарлықтәсілдерге бой алдырғаны қалай? Сөйте тұра, билік елде  тұрақтылық болсын дейді.   

      Алайдабиліктегілер осындай қудалау,  қысымкөрсету, күш қолдану әрекетімен ел ішіндегі тұрақтылықты қолдап отыр деуге болама? Егер биліктегілер салиқалы ұлт саясатын жүргізсе, қазіргі ұлт басындағыпроблемалар туындамаған болар еді. Бүгінге дейін ұлт жанашырларының көтеріпжүрген тіл, жер, тағы да басқа ең өзекті мәселелері шешімін тауып, жүзеге асқанжағдайда, сөз жоқ, мұның өзі ұлттық рухтың көтерілуіне, патриоттық сезімніңоянуына, мемлекетшілдіктің қалыптасуына негіз болар еді.  Бірақ бүгінгі билік бұқара халықты қоғамдық,әлеуметтік және саяси белсенділіктен шектеп, тым жасқаншақтық күйге жеткізгісі келеді. Қорқыту мен үркітуарқылы жағдайды реттемек. Еліміздің таңдаулы азаматтарын түрмеге отырғызған, саяси қуғын-сүргінді тоқтатпаған билік соныменмемлекеттілікті күшейттім деп есептейді. Әрине, бұл ұстаным  биліктегілер үшін тиімді шығар. Бәрібір бұлжағдай билік үшін құтқарушы күш бола алмайды. Тарихтың объективті ағысына қарсыжүзуге ұмтылыс еш жақсылыққа апармайды. Ұлттық сезімдерін жоғалтпаған, туғанелінің бүгіні мен ертеңіне шынайы алаңдаған халықшыл азаматтар мен оппозицияшылкүштерге дұшпан көзбен қарау, оны тұншықтыру іс-әрекеттеріне, керісінше,халықтың билікке деген қарсы әрекетін оятып, арандата түседі. Мемлекеттіңертеңіне деген сенімді жояды, жоғалтады. Халықтың үмітін үзеді, ең қауіпті нәрсе – осы.

     Халықтыңой-пікірімен бөліскісі келген ұлтжанды азаматтарға билік қанша тосқауыл қойып,кедергі жасап баққанымен, елде өз жағдайын ғана күйттемей, тұтастай ел мен жерін,оның болашағын ойлайтын азаматтардың көбейіп келе жатқаны шындық. Қоғамдапроблемалар қордаланған сайын халықтың айтар сөзі күшейеді. Ащырақ әрі анығырақбола түседі. Бұл – саясаттың заңы. Ал әділетсіздік пен әділеттіліктің сындарлытепе-теңдігі бұзылған жағдайда қоғамның толқуы кез келген елде болады. Бұл да өмірзаңы. Өз халқынан қорқып,  оны тұқыртыпұстауға әуестердің аяғы немен аяқталатынын басқа елдердің   мысалынан көріп жүрміз. Бәлкім,биліктегілер  тұрақтылық қажет деп, елдіалдаусыратуға болатын да шығар. Бірақ әділетсіздік өршіп тұрған елде қандайтұрақтылық болсын?!

     Бүгінде биліктегілер саяси реформа жасаймыздеп, белсенділік танытып-ақ жатыр. Қазіргі саяси реформаға қатысты ұсыныстарелді демократияға  біртабан жақындаттыдеп жалаулатқанымен, ел ішінде осы өзгерістерге қатысты біршама күмән бар.«Билік қоғамды демократияландыру, сайлау жүйесін өзгерту, парламентті күшейту,оған президент өкілетінің бір бөлігін беру туралы айтқанымен, алайда бұлорындалмады» деп,  сарапшылартарапынан  қатты сынға ұшырауы көп жайдыаңғартса керек. Президент Тоқаев «парламентке оппозициялық партияны ашық бәсекеарқылы емес, кепілдендірілген орын беру арқылы өткізу керек» дейді. Оппозициялықпартияға квота беріп, мәжіліске өткізу демократияға томпақ екені  әу бастан белгілі. Оппозицияға кепілдік орынберу – парламентке оппозиция өтеді деген сөз емес,  оппозиция рөлін ойнайтын «қалталы оппозиция»құру әрекеті тәрізді. «Ауру қалса да, әдет қалмайды». Билік бұрынғыдай жаппай бұрмалаушылықтаржасап, сайлау нәтижесін өз ыңғайына қарап шығарып, «өсуі керек не кетуікерек»  адамдарды анықтап, солардықайткенде де құлағынан сүйреп, келесі парламентке өткізбек сыңайлы және бейбітшерулер туралы жаңа заң жобасы өзіне ыңғайлы ғана митингілерді  өткізбекші ойын аңғартады. Оған санасы  оянабастаған қоғам келісе қояр ма екен?!

     Қоғамдасенімділік тудыру үшін құрылған білдей бір кеңестің де түкке тұрмайтынынбілдік. Егер бүгінгі билік оның айналасындағылар әлеуметтік реформаға, саяси  реформаға халықты жетектей алса, елдіңішіндегі ерегіс те,  кикілжің де азаяреді. Егер осының бәрі елді алдауға арналған бетперде болса, онда бүгінгі билік көп нәрседен, елдің сенімінен,халықтың сый құрметінен айырылып қалуы мүмкін.

     Әлемдік зерттеуорталықтары өткен жылдың рейтингілерін шығарды. Ол бойынша Қазақстан 167 елдіңішінде 139-орын алып, авторитарлық ел қатарына кіріп отыр. 2019 жылы еліміздеайтарлықтай өзгерістер бола қоймағаны, керісінше,  белсенді азаматтарды қудалау күшейе түсіп,журналистердің жұмысына кедергі жасалып жатқаны, адам құқығына қатысты басқа даозбырлықтардың белең алғаны айтылады. Ал біздің Ата заңымызда  «Қазақстан – демократиялық ел» депкөрсетілген,  ендеше, шынайы өмір неге Атазаңға қайшы?  Неге әлем Қазақстандадемократия жоқ деп шешті? Себебі демократиясыз қоғам – тұрақсыз қоғам.Тұрақтылық дегеніміз – қоғамдағы барлық пікірді ұштастырып, оның жүйесін тауып отыру. Бұл тек демократиялық жолменкеледі. Халықтың ойымен, санасымен, көзқарасымен ұштастырмай, мемлекет басқарумүмкін емес. Ұштастырып-үйлестірудің жолы біреу-ақ: ол – демократиялық сайлауөткізу, елдің сайлау мен сайлану құқын сақтау, партия  құруға мүмкіндіктер туғызу, сөз бостандығыншын  мәнінде жүзеге асыру. Осы жүйедеғана мемлекет дұрыс жолмен дамиды. Биліктің тактикалық міндеттерді жүзеге асыруүшін ғана халықтың тағдырын қыл үстіне қоюға қақысы жоқ. Енді билік өзәрекетіне байыппен көз жүгіртіп, жауапты шешім қабылдайтын кез келді.

Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ  

Саудакент ауылы

Сарысу ауданы

Жамбыл облысы

 

Тегтер: