Билік өз білгенін істеп жүр

18.04.2019, 23:30

3

Қазақстанда қанша қазақ тұрады? Ал жарайды 10 миллионшығар? 10 миллион деген не? Тек Мәскеудің өзінде 20 миллион адам тұрады.Күйіндіретіні:  сол ат төбеліндей азқазақтың ымырашыл болмауы, ендігі жерде оларды жүзге, руға бөлгенді қойыпәлеуметтік жағдайына, тіліне, кімнің қанында қалалық, кімнің қанында ауылдықлейкоциттер көп екеніне,   кредит алыпалып той жасайтындар мен сол кредит алып той жасағандарды жек көретіндерге, Басдастарханға жақын отырғандар мен сол дастархандағы мол асқа алыстан жұтынақарағандарға, мәстек-Мазда мінетіндер мен бесті-Бентлимен шайқалтыпжүретіндерге, т.б. бөліп тастағандары.   Сондықтан біреубірдеңе айта бастаса екінші адам одан асырып, қаттырақ сөйлеп дауласа жөнеледі. Сондықтан  біздің пікірталас үшінАқиқат маңызды болмай қалды. Бізге бір минутқа ғана өзіміздікі дұрыс екеніндәлелдесек болғаны.  Бұл пікірталас емес,бұл – көкезулік. Бұл да зиялылардын бір қырын танытса керек. Әңгіме деңгейі,талқыланған мәселелердің маңыздылығы, пікірталас деңгейі сол жерге  жиналғандардың да деңгейін көрсетеді. Ендібіз не үшін қызылкеңірдек болып жүргенімізге тоқталайық? Мемлекетті қалай атаукерек? Бүгінгінің ең басты сұрағы осы ма? Немесе шет-шегі көрінбейтін әліпбидауы? Әйелдер орамал таға ма жоқ па? Қазақ құдайды  Алла деп атай ма, әлде  Тәңірі ме? Енді шілтерлі ішкиімнің әңгімесі қосылыпты.Түсінемін, әліпби, тіл, дін, мемлекет атауы дегендер өте маңызды. Бірақ дәл осыкүні маңыздылығы олардан әлдеқайда басым мәселе бар. Біз мемлекетімізденайырылғалы тұрмыз. Осының алдын алу керекпіз.

Кезінде кеңестік биліктің зымияндығына құрық бойламады,қанқұйылған көзі алыстағыны шалып алашордалықтардың бәрін қырып салды. Өйткеніол азаматтарда халықтың сана-сезіміне ықпал ететін білік, өрлік бар еді. Олароқытты, ағарту жұмыстарымен айналысты, олар халыққа ақыл-кеңес берді, дұрысбағыт сілтеді.  Ал қазір кімнің ықпалыбар? Кім соны жол ұсынды? Ондайлар жоқ. Билік өз білгенін істеп жүр. Өзімен тең сөйлесе алатындар жоқболғандықтан тарс бүркеніп алып, тілдесу керектігін мүлдем ұмытты. Билік өзінекерек, ұрымтал тұста өзін қолдап «әндете» жөнелетін зиялыларды тәрбиелеп алды.Сондықтан ол ойына келгенін, қолынан келгенін істеп, былығуда. 

Ермек ТҰРСЫНОВ

Фото: kursiv.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 13:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 12:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 13:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 13:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 13:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 13:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04