Билік Жамбылдағы түрмеде қайтыс болған тұтқынның "суицид жасағанын" айтады

22.08.2019, 02:00

10

Құқық қорғаушы Елена Семенова 20 тамыз күні кешкісін өзінің Facebook парақшасында 19 тамызда Жамбыл облысындағы ЖД-158/7 колониясында тұтқынның қайтыс болғанын хабарлады. Семенованың ақпаратына қарағанда, түрме әкімшілігі сотталушының асылып қалғанын айтады. «Басқа тұтқындар бұған сенбейді» деп жазады құқық қорғаушы.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Семенованың жазбасына қалдырған комментарийінде қауіпсіздігі жоғары ЖД-158/7 колониясының бақылаушысы 19 тамыздағы тексеріс кезінде сотталған азаматтың денесін тапқаны айтады. Комитет жазуынша, дәрігерлер бригадасы тұтқын асылып қалған болуы мүмкін екенін хабарлаған. «Мәйітті қарау кезінде оған күш қолданылғанын айғақтайтын іздер анықталмады» дейді комитет. Атқару комитеті бұл оқиға бойынша Жамбыл аудандық қылмыстық-атқару жүйесінің департаменті қызметтік тергеу бастаған.

Құқық қорғаушы сөзінше, сотталған басқа азаматтар тұтқынның суицид жасағанына сенбейді. «Оқиғадан соң барлық тұтқынды орындарына қамап тастап, ешкімді шығармаған» дейді Семенова желідегі жазбасында. Ол түрме әкімшілігі «барлық факті мен ізді жасыру үшін осылай еткен» деп топшылайды. Комитет мұны жоққа шығарды.

Қазақстан түрмелеріндегі азаптау мәселесін талқылау 25 шілдеде тараған видеодан соң күшейген. Заречный түрмесінде түсірілген видеода түрме қызметкері мен сотталғандар формаcын киген бірнеше адамның бір азаматты ұрып жатқаны көрінеді. Кейін Қазақстан ішкі істер министрлігі Алматы облысы Заречный кентінде орналасқан ЛА-155/8 түрмесінің жеті қызметкері «жазаланғанын» айтқан. Колония басшысы мен орынбасары, сондай-ақ төрт азаматтың қызметінен босатылған.

Құқық қорғаушылар мұндай жазаны жұмсақ деп сынап, тұтқын азапталған түрменің басшылығын қылмыстық жауапқа тартуды талап еткен. Мұнан соң қылмыстық-атқару комитеті бұл азаптау оқиғасын «жалғыз оқиға» деп атаған.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Қазақстан билігі түрмедегі азаптау азайғанын айтады. Бірақ құқық қорғаушылар Нұр-Сұлтанның бұл мәлімдемесін жоққа шығарған. «Халықаралық түрме реформасы» (PRI) ұйымының Орталық Азиядағы өкілдігі бұған дейін бірнеше рет Қазақстан түрмелерінде азаптау мен өз-өзіне зақым келтіру фактілері көбейгенін айтқан.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39