Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:22, 01 Тамыз 2019

Биліктегі ақын-жазушылардың балалары

«Әке көрген оқ жонар...». Дүниеесігін шыр етіп перзенті ашқанда жұдырықтай жүрегі жарылардай қуанатын әке үшінперзенті үкілеген үмітін ақтаса – бақыт сол емес пе?

! Әсіресе ел алдына шығып,халықтың сөзін сөйлесе, елге қызмет етсе – ата-ана қатты қуанады. «Ата-анағакөз қуаныш, алдына алған еркесі», – дейді Абай. Соңғы уақытта еліміздеақын-жазушылардың ұл-қыздары жоғары биліктен көріне бастады.

Оның бір жарқын көрінісімаусымда өткен президент сайлауында қазақдетективінің атасы Кемел Тоқаевтың ұлы Қасым-Жомарт Тоқаев президент болыпсайланды. Кемел Тоқаев «Жұлдызды жорық», «Қыс қарлығашы», «Болашақ туралыойлар», «Түнде атылған оқ», «Арнаулы тапсырма», «Сарғабанда болған оқиға», «Соңғы соққы», «Ұясынан безген құс» сияқтышығармалардың авторы.

Парламент Сенатының спикері Дариға Назарбаева да – ақынныңқызы.Әкесі Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның Әнұраныныңавторларының бірі. Сонымен қоса, «Елім менің», «Үшқоңыр» сияқты танымаләндердің де мәтінін жазған. Оған қоса, ондаған публицистикалық кітаптары бар.

Президент кеңесшісі Ерлан Тынымбайұлы Қарин де –жазушының ұлы.Әкесі Тынымбай Төлепбайұлы«Өмір сыры», «Қанағат», «Шырғалаң» секілді прозалық шығармалардың авторы,Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Бір айта кетері Ерлан Тынымбайұлы белгіліжазушы Дидахмет Әшімханұлының күйеу баласы.

Президент көмекшісі Мәулен Әшімбаев болса – қазақәдебиетіне белгілі сыншы, қоғам қайраткері болған Сағат Әшімбаевтың ұлы.Сағат Әшімбаевтан «Сын мұраты», «Талантқатағзым», «Парасатқа құштарлық», «Шындыққа сүйіспеншілік», «Ақиқатқа іңкәрлік»сияқты әдеби сын кітаптар қалды.

Мәулен Сағатханұлының анасыШәрбәну Бейсенова даәдебиетімізгебелгілі жазушы. «Тойға келгенкеліншек», «Қызғалдақтар», «Тағылымды тағдырлар», «Сүзгенің соңғы күндері», т.бкітаптардың авторы.

«Астана» Халықаралық қаржыорталығының басшысы Қайрат Келімбетов­– белгілі түрколог ғалым, драматург Немат Келімбетовтың ұлы.  Әкесі  "Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі", «Ежелгі түркі поэзиясы», «Көркемдік дәстүр жалғастығы» сияқты зерттеулердің авторы.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова­– жазушы Рахметолла Райымқұловтың қызы. Әкесі «Уәде», «Жасылбелес», «Түйелі адам», «Балдақты адам» сияқты кітаптардың авторы. АқтотыРахметоллақызы белгілі жазушы, «Доктор Дарханов», «Тоқаш Бокин», «Ұядан ұшқанда»сияқты белгілі кітаптардың авторы Зейін Шашкинге жиен болып келеді. Анасы Мәкиза Дайырбайқызы ағасы Зейін Шашкинніңшығармашылығын әрдайым насихаттап, жоқтаушысы болып өтті.

Ерлан Бекхожин – «Қазақстан Республикасы Президент телерадиокешенінің»директоры. Әкесі Қалижан Бекхожин қазақ әдебиетінің көрнекті ақыны, Халықжазушысы. Әдебиетімізде поэма жанрын меңгерген үлкен ақын ретінде қалды. «Ақсаққұлан», «Орман қызы» дастандарының авторы.

Вьетнам Социалистік Республикасындағы ҚазақстаннныңӨкілетті және Төтенше Елшісі Ерлан Байжанов– белгілі журналист, жазушы Сапар Байжановтың ұлы.

Сапар Байжановтың тағы бір ұлы Ұлан Байжанов– қазір «Цесна банк» АҚ директорлар кеңесінің тәуелсізмүшесі. Оған дейін «Казкоммерцбанк» АҚ төрағасының орынбасары, Бас Прокуратуражанындағы құқыққорғау органдары академиясының ректоры, Қазақстан Республикасымемлекеттік кіріс вице-министрі, «ҚазМұнайГаз» компаниясында басшылыққызметтерде болған. Сапар Байжановтан «Замандастар туралы толғау», «Архив-айғақ»,«Абай және архив» сияқты кітаптар қалды.  

Қайрат ШораұлыСарыбайҚазақстан РеспубликасыныңАвстрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ҚазақстанРеспубликасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі.Әкесі Шора Сарыбаев — филология ғылымдарының докторы, Тіл білімінің диалектология, лексикология, тіл тарихы, аударма, есімнама, алтаистика салаларына арнап көптеген еңбекжазған ғалым. Сондай-ақ, түркітану әдебиетінің библиографиясын жазып,әдебиеттануға да үлес қосқан.  ШораШамғалиұлының бауыры Болат Сарыбаев қазақтың ұлттық аспаптарының тарихын тереңзерттеп, үлкен іргелі еңбек жазған. Қазір ұлт аспаптарын жасайтын шеберлер солкісінің еңбегіне сүйенеді. Ал әкелері Шамғали Сарыбаев та қазақ тіл білімінеүлкен еңбек сіңірген, тіл біліміндегі үлкен ғалымдардың бірі.  

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары ЕркебұланОразалин– ақын Нұрлан Оразалиннің ұлы. Нұрлан Оразалин ұзақжылар Қазақстан жазушылар одағын басқарды. Парламент Сенатының депутаты болды. «Беймазакөңіл», «Көктем көші», «Жетінші құрлық»,«Азаматқа аманат», "Құралайдың салқыны", "Ғасырменқоштасу", «Сырнайлы шақ» атты жыр жинақтары мен «Азаматтықайдыны» атты көркем публицистикалық-эссе толғаулар кітабы жарық көрген. НұрланОразалинның «Шырақжанған түн», «Тас киіктер», «Аққұстуралы аңыз» («Бойтұмар»), "Қарымта", "Қилызаман", (М.Әуезовтың аттас шығармасының ізімен жазылған), «Бастықтыңбір күні», "Қарақазан ғасыр", «Көктемнің соңғы кеші»тәрізді драмалық шығармалары театрларда сахналанған.

Тұңғыш Президент – Елбасы қорының атқарушы директоры ӘсетИсекешев <span style=«background-color:transparent;color:#000000;font-family:» sans="" serif",tahoma,verdana,helvetica;font-size:18px;font-style:normal;font-weight:700;text-decoration:none;"=""> ақын, публицист, жазушы Ербол Шаймерденұлының күйеубаласы. Ербол Шаймерденұлы Қазақстандағы баспасөз қызметін алғаш жасақтағанжурналситердің бірі. Жиырмаға жуық кітабы жарық көрген.

Ұлт руханиятына қызмет еткен тұлғалардың перзенттері елге қызмет етсе, халықөзіне жақын көріп, жақсылық үміт етеді. Әрдайым оң істің басынан көргісікеледі. Бұл кісілер ел үмітін ақтап жүр ме, жоқ па оны уақыт көрсетеді.

Бұл тізімді толықтырамдесеңіздер, мархабат... 

Тегтер: