Білім беру жүйесін бұл салаға қатысы жоқтар басқарады

20.07.2019, 21:27

4

Ол бірдеңе туралы айтады,екінші бірдеңе туралы

ойлап тұрады, жемежемгекелгенде үшіншісін істейді.

Кеңес адамына берілген мінездемеден

Елдегі білім беру мәселесіне қатысты сөз қозғалғанда, біздің есімізге білімберу стандарттары мен бағдарламаларын жетілдіру, сапалы оқулықтар дайындау, жаңапедагогикалық технологияларды енгізу, мектептер салу… мәселелері түседі. Мұғалімніңбеделін көтеру тақырыбы да баспасөз беттерінен түспей келеді. Осы және басқашаралармен біз заманауи өндіріс үшін жоғары квалификациялы кадр дайындай алатынелдер қатарынан екенімізді паш етуге ұмтыламыз. Сырт көз бізді баршаға білім беруменайналысып жатыр деп ойлайды және оған сенеді. Шынтуайтына келгенде, Кеңесадамынікіндей, бұлар – біздің айтып жүретінсөздеріміз.

Ал, біздің ойымызда не бардегенге қатысты мынаны айтуға болады. Қазақстанда білім беру жүйесін, көбінесе,мамандығы бойынша бұл салаға қатысы жоқ адамдар басқарып келгені белгілі. Бұданбилік үшін білім беру мәселелерін шешу мақсат емес, алдымен бюджеттен салаға бөлінгенқаражат пен өзге материалдық игіліктерге бақылау орнату маңыздырақ болған шығардеген қорытынды шығаруға болады. Расында да лауазымға келіп алғаннан кейін мамандығыбасқа бастық не туралы ойлауы мүмкін? Қисын мынаған тіреледі: ақша қаражаты қайжақтан ағылып, қайда кетіп жатыр? Оларды қалай бағыттап, «өз үлесімді» қалайжырып алып қалуым керек? Түсімді орынды қалай көбірек ұстап қалуға болады? Жоғарылаудыңқисыны қайсы?.. Мінеки, қысқаша кеңестік тәрбиенің субъектісі білім беру жүйесіндегіжауапты лауазымда отырып, осылар туралы ойлайды деп жорамалдауға негіз бар. Өйткені,халық шаруашылығы салаларының ішіндегі ең жемқорлыққа көбірек малшынғаны осысала екені талай айтылды. Білім сапасы ешқашан қанағаттанарлық баға алып көргенемес. Осы жағдайлар бізді саладағы шенеуніктер тура жоғарыда біз келтіргендейойлайды деп қорытынды шығаруға итермелейді. Тереңірек үңіліп қараған адамғасалада түсініксіз құбылыстардың да орын алып отырғанын аңғару қиын емес.

Енді, үшіншіден, не істеліп жатырдеген сұрақтың жауабын табуға кіріспестен бұрын, оның өзекті және ұзақ түсіндірудіқажет ететін мәселе екендігін ескертіп өту керек. Біздегі беріліп жатқанбілімнің сапасы жөнінде қалам тартқандардың көбі деңгейдің тым төмен екендігінеалаңдайды. Бұл бағалаудың негізсіз емес екендігінің айғағы да аз емес. Солардыңбірі және бастысы ретінде мыңдаған жастардың жыл сайын «Болашақ» бағдарламасыбойынша шет елдерге оқуға жіберілуін келтіреді. Бұдан өзімізде 127 ЖОО бола тұра(2018), бюджеттен қырауар қаржы бөліп, осы бағдарламаны енгізудің қажеттігінеде деген сұрақтың тууы заңды. Оның жауабы: отандық университеттердіңдипломдары бағаланбайды. Олардың жоғары квалификациялы маман дайындайтын қаухарыжоқ. Бұдан басқа да білім сапасының төмендігін паш ететін, бұлтартпайтын айғақтартолып жатыр.

Енді осы мәселенің қарапайым көз аңғара алмайтын, сондықтан  осыған дейін айтылмай келген қырларына үңіліпкөрейік. Бәрі түсінікті болуы үшін талдауды әлеуметтік-психологиялық барлауданбастайық. Жазушы А. Конан-Дойлдың танымал романының кейіпкері өзінің әрекет ұстанымынбылай тұжырымдағаны бар: «алдымен кімге тиімді екенін біліп алыңыз – сонанкейін қылмыскердің үстінен түсесіз». Демек, мәселе мотивацияға барып тіреледі.Осы  қисынмен бажайлап қарағанда, алдымен«білімді, жоғары мәдениетті, әлеуметтік белсенді халық кімге керек?» деген сұраққатірелеміз. Әрине, адал адамдардың бәріне керек, тек… билікке заңсызамалдармен келіп алып, енді одан айырылғысы келмейтіндерден басқаларға.Авторитарлық билік иелеріне бұқараның саяси сауаты төмен, құқықтарын қорғаудыбілмейтін, әлеуметтік пассивті болғаны керек. Мұның себебін түсіну қиын емес.Сауатты халық материалдық және рухани игілікті, оны қамтамасыз ете алмағанда,билеушінің орнын босатуын талап етеді. Ал жалпы сауаты төмен, мардымсыз жалақысынанайырылып қалам ба деп қорқып отыратын бұқара билік қалай айдаса – солай жүреді,нені бұйырса – соны істейді. Ең бастысы, сайлауларда билік ұсынған кандидаттарға100 % дауыс береді.

Бұл жерде Қазақстан билігіне алдымен қазақтардың кедей жәнешаласауатты болғаны керек екенін аңғару қиын емес. Өйткені, жоғарғы жәнежергілікті билік органдарын сайлау кезінде биліктің статус-кво жағдайынавтохтонды халықтың дауысы қамтамасыз етеді. Ол үшін қазақ айдауға көнетіндей,нұсқау бойынша дауыс беретіндей, сауаты төмен, кедей, сонысымен қорқақ, тастағансүйекке сатылатындай, рухани әлсіз болуы керек. Осыдан елдің 45 %-ын құрайтынауыл тұрғындарының, бюджетке қосатын үлесі мардымсыз болса да (4,5 %), «өздігіненбірдеңемен шұғылданушылар» деген атпен, өнеркәсіп өндірісінен тыс қалыпотыруының себебін көреміз. Білім беру саясатына қатыстының бәрі биліктің осы ұстанымытұрғысынан шешіліп жатқанын аңғару қиын емес.

Бұқараның жалпы сауатының төмен болуына мұқтаж тағы біртоп бар. Ол – араны ашылған кәсіпкерлер. Оларға сауаты аз адамдар жалақыны аз төлеуіжәне реті келгенде жұмысын істеткізіп алып, лақтырып тастау үшін қажет. Реті келгендеатап өту керек, біздегі шынайы шағын және орта бизнеспен (ШОБ) айналысушылардыңбәрі жоғарыда қорғаушысы барлар. Демек, биліктің маңында жүргендердің туыстары.Өзгелерге мұнда баратын жол жоқ. Билік иелеріне ШОБ-ны дамытқаннан гөрі«дамытайық» деп, әрекідік айғайға басып қойып, шынайылығында қарапайым бұқараныңШОБ-мен айналысуына тосқауыл қойып отыру тиімді. Оның себебі жоғарыда аталды: қазақбайымауы керек.

Әрине, билік иелеріне жоғары лауазымдарға отырғызып,ойындағысын дөп басып, бүлжытпай атқарып отыратын, сауатты орындаушылар,сенімді ізбасарлар да керек. «Болашақ» бағдарламасы ол баста авторитарлықбиліктің сол мақсатын іске асыру үшін жасалған болатын. Осылай елде білімді таңдаулыларғажәне басқаларға алалап беру бағыты ұсталған.

Жалпы, биліктің білім беру саласындағы қитұрқыметаморфозасы жас ұрпақ өкілінің білімге,ғылым мен техникаға, мәдениетке, жалпы рухани жетілуге деген мотвациясыныңжойылуынанкөрініс табуда. Қатардағымектептердің оқушыларының білім алуға деген құштарлығы сүртіліп тасталған.

Бұл қалай орын алды? дегенсұрақтың түсіндіруі көп және ұзаққа созылады. Бұл жерде олардың кейбіреулеріне ғанақысқаша тоқталайық.

Қазақ жастарының рухани жетілуге мотивациясының жойылуыныңбірінші және басты себебі авторитарлықбилік басқарған қоғамның өзінің қазіргі күйіненбастау алып отыр.Авторитарлы қоғам жас адамға кәсіби біліктіліктің, интеллекттің, мәдениеттіліктіңқажетсіздігін, перспективасыздығын, олардың тағдырын айқындаушы фактор болаалмайтындығын іс жүзінде көрсетіп отыр. Кадр іріктеудегі жаппай етек алғансыбайластықты, бәрінің патрон-клиент деңгейінде шешіліп жатқандығын оқушы көріпотыр. Оның түсінігі бойынша бәрі түсімді орын тауып беретін ағашка немесе тәтешканыңтабылуына тәуелді. Олар келіп ұсыныс жасағанда мұның қалтасында тек екі нәрсеболуы керек – жоғары білімнің дипломы және бірдеңе. Орналасу деген осы.

Екінші себеп: саяси-құқықтықбілім беретін пәндер қазақ мектептерінің жоғары сыныптарында оқытылмайды. ҰБТ-ғадайындық сылтауымен, 10-11 сыныптарда өтілуге тиісті «Қоғамдық білім негіздері»,«Құқықтану», «Дүниежүзілік тарих» пәндері сабақ кестесінде құр жазулы тұрады. Бұләрекет жастардың саяси-құқықтық білім деңгейінің көтеріліп кетуін болдырмау үшінашық және басынған формада жасалып отыр.

Үшінші себеп мұғалімдердің кәсіби-интеллектілік жәнеморальдық деңгейінің төмендігінде, оқушының санасына заманауи білім мен мәдениеттіжеткізе алмайтынында, оны рухани жетілуге бағыттай алмайтынында. ҚызПУ-да дәрістісағыз шайнап отырып «тыңдаған», тестілер жинағымен ғана жұмыс істейтін, тек«жаттап алыңдар» деген әдістемені ғана меңгерген мұғалімдердің шәкірттерініңалдында беделі жоқ, кез келген оқушы мұғалімді балағаттап кете береді. Білімдіалғысы келмейтін оқушы мен бергісі келмейтін (нағызында, бере алмайтын) мұғалімніңарасындағы қатынас осындай.

Осылай бастауыш сыныптардағы оқушының санасындағы білімгеқұштарлық жоғары сыныптарда білім алуға қарсылықпиғылға ұласқан. Бұл метаморфоза оқушының білім мен ғылымға қатысты резистенттік тұрғы ұстануынайғақтайды.Резистенттік тұрғы ұстанған бала оқыту үдерісінеқосылмайды, сабақта уақытын бос өткізеді. Бұдан оның «санасы да бос тұрады»деген қорытынды шықпайды, әрине. Вакуум – теориялық ұғым. Материяда ешқашан босорын болмайды. Бір заттың орнын екінші зат басып отырады. Олай болса, оқушыныңкәлласына барып түсуге тиісті ғылым негіздерінің орнын басып отырған қандай қоқыс?

Қанағат ЖҮКЕШЕВ, «Билік метаморфозасы» мақаласынан

(Жалғасы бар)

Фото: kaztag.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 13:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 12:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 13:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 13:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 13:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 13:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16