Білім күні Жамбылда 5 мектеп пайдалануға берілді

01.09.2019, 18:49

9

Білім күніне орай Жамбыл облысында 5 мектеп пайдалануғаберілді. Нәтижесінде өңірдегі 1 үш ауысымды, 1 апатты және 3 орын тапшылығы бармектептің мәселесі шешілді. Олар Шу ауданы Тоғай алқабындағы 300 орындық ортамектеп, Байзақ ауданы Ақшолақ ауылындағы 120 орындық орта мектеп, Жамбыл ауданыБірлесу-Еңбек ауылындағы 140 орындық орта мектеп, Меркі ауданы Қазақ-Диханауылындағы 120 орындық орта мектеп және Тұрар Рысқұлов ауданы Жалпақсазауылындағы 48 орындық бастауыш мектеп.

Сонымен қатар жыл соңына дейін тағы 4 нысандағықұрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қазіргітаңда өңірдегі 3 мектепке қосымша ғимарат, 1 мектеп-интернатына жедел сатыорнату жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Айталық, күні кеше пайдалануға берілген Бірлесу-Еңбекорта мектебі демографиялық өсімге байланысты орын тапшылығын жою мақсатындажаңадан бой көтеріп отыр. Жаңа білім мекемесінде балалардың сапалы білім алуларына барлық жағдай жасалған. Мектепте 18 оқу қабинеті,спорт залы, мәжіліс залы, асхана, 2 компьютерлік сынып, робототехника және жаңамодификациялық кабинеттер бар. Биыл мектепте барлығы 250 оқушы 2 ауысымдаоқымақ. Аталған оқу ордасында 39 педагог қызмет етсе, оның 12,5 пайызы жасмамандарды құрайды екен.

Сондай-ақ, Шу ауданыТоғай алқабындағы, Байзақ ауданы Ақшолақ ауылындағы, Меркі ауданы Қазақ-Диханауылындағы орта және Тұрар Рысқұлов ауданы Жалпақсаз ауылындағы 48 орындықбастауыш мектептер де заман талабына сай қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасызетіліпті.

«Қалған апатты және орын тапшылығы бар мектептердіңқұрылысын жүргізуге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, мәселесі кезең-кезеңіменшешілетін болады. Білім беру ісі қай уақытта да, қай ғасырда да қоғам дамуы ментұрақтылығының негізгі өлшемі болып табылады. Аталған мектеп ғимараттарындажаңашыл білім алуға қолайлы заманауи кабинеттер мен зертханалар, мультимедиалықкабинеттер бар»,- дейді Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы РахияТұрмаханбетова.

Биыл облыстың білім жүйесін қаржыландыруға 130миллиард теңге бөлініпті. Бұл  өткен жылменсалыстырғанда 22,2 миллиард теңгеге артықОның 5,1 миллиардтеңгесі білім беру нысандарының құрылысы мен күрделі жөндеуге бөлініп, бүгінде облысбойынша 16 білім нысанының құрылысы жүргізілуде екен.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16