Білім және ғылым министрі отставка туралы айту әлі ерте деп санайды

07.06.2019, 09:00

4

Қазақстанның білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова әзірге отставкаға кетпейтінін айтты. Осы апта ортасында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының білім және ғылым вице-министрі Элмира Суханбердиеваға қарсы сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлаған еді. Ұлттық бюро мамандары әзірге істің толық мән-жайын айтпады. 5 маусымда Нұр-Сұлтан соты Суханбердиеваны екі айға қамау туралы шешім шығарды. Оған қандай айып тағылғаны белгісіз.

«Егер Суханбердиеваны кінәлі деп тапса, отставкаға кетесіз бе?» деген Informburo.kz тілшісінің сұрағына министр "әзірге ештеңе айтпаймын, уақыт көрсетеді. Бірақ президенттің соңғы жолдауын ескерсек, онда бұл мүмкін шығар" деп жауап берген.

Қазақстанның ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мамыр айының аяғында «алаяқтық» бабы бойынша кінәлі деп танылған қарамағындағы департамент басшысына шыққан сот үкімі күшіне енген кезде отставкаға кететінін хабарлаған. 29 мамырда Нұр-Сұлтан соты кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыповты үш жылға бас бостандығынан айырған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мамыр айында елде «асқынып» кеткен жемқорлықпен күресу қажеттігін алға тартқан. Ол қарамағындағы қызметкерлері жемқорлық жасаса, мемлекеттік орган басшылары отставкаға кетуі тиіс деген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34