Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

31.08.2019, 16:00

6

Білім және ғылым вице-министрі болып Шолпан Каринова тағайындалды деп хабарлады сенбі күні премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Шолпан Каринова 1972 жылы дүниеге келген. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын тәмамдаған. Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінде (Ресей) оқыған.

Каринова 2018 жылдың қазан айынан бері «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының педагогикалық шеберлік орталығында қызмет атқарған. Оған дейін 2017-2018 жылдары білім және ғылым министрлігінде мектепке дейінгі және орта білім беру департаментіне жетекшілік еткен.

Бұған дейін Қазақстанның бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева «жемқорлық» айыбымен ұсталып, шілде айының ортасында айыппұлмен сот залынан босатылған еді. Тергеу изоляторында 34 күн отырған Суханбердиева тергеу кезінде айыбын мойындап, прокурормен процессуалдық келісім жасасқан.

Оқи отырыңыз: «Процессуалдық келісім жемқорлықты ұлғайтады». Суханбердиева ісінің жаңғырығы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39