Білімді ұлт – сапалы білімнің негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында еліміздің сыртқы және ішкі саяси тұрақтылығын сақтау үшін заманауи білім, ғылым мен технологияны дамыту басты орында екенін айтады.
Осыған орай, елімізде «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы талапқа сай әзірленді.
Аталмыш жоба барысында қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасын теңестіру мақсатында елімізде атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Мәселен, мектеп-гимназиялардың бір қатарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері үшін «Креативті педагог, талантты шәкірт – сапа көкжиегі» тақырыбында тәжірибелік семинарлар өткізіліп тұрады.
Одан бөлек, колледжерде сапалы мамандықтарды насихаттау мақсатында жастарға кәсіптік мамандықтар атласы негізінде бағыт-бағдар беруді жүзеге асыруда нақты іс-шаралар жоспары түзіліп, Ашық есік күні ұйымдастырылып келеді. Мысалға, жуырда ғана Арыс гуманитарлық- техникалық колледжінде осыған қатысты арнайы ашық есік күні өткізіліп, тіпті жергілікті «Арыс толқындары» телеарнасында бейнероликтер дайындалып көрсетіліп келеді. Бейнеролик арқылы ата-аналар мен талапкерлерді ақпараттандыру мақсатында, мектептен келген оқушылар колледждің материалдық-техникалық базасымен танысу барысында өздеріне қажетті сауалдарына жауап алды. Ал мектептерге келсек, Ақмола облысында Білім басқармасының ұйымдастыруымен ұлттық жобаға қатысты кеңейтілген отырысы өткізілді. Жиында білім беру жүйесінің 2022 жылғы қызметі мен 2023 жылға арналған міндеттері туралы негізгі баяндамалар жасалынды. Одан бөлек, білім беру жобасын дайындаудың жаңа моделін іске асырауға қатысты тәжірибелік-педагогикалық жұмыстардың маңызын жетілдіру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Шадринск мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей), Қарабюк университеті (Түркия), білім сарапшыларының Қазақ лигасымен бірлесе педагогика ғылымдарының докторы, ҚҒПА кадемигі Клара Жайдарбекқызының мерейтойына орай «Білімді ұлт» сапалы білім беру ұлттық жобасы аясында «Үздіксіз педагогикалық білім беру: инновациялық парадигма, технология және әдістеме» тақырыбында педагогикалық оқулар өткізілді. Онда аталмыш жоба аясында үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін модернизациялауды мақсат тұтқан бастама арқылы білім берудің жаңа жаһандық жағдайында педагогикалық білім берудің жаңа тенденцияларын айқындап, оқытуға қатысты заманауи трендтерді қарастыруға қатысты мүмкіндіктер туып келеді. Бұл туралы Клара Жайдарбекқызы: «заманауи педагогикалық технологиялардың мәні ашылып, педагог кадрларды дайындауда әлемдегі үздік жоғары оқу орындары инновациялық іс-тәжірибені зерделеуге қатысты міндеттер шешімін тауып келеді. Әрі «Білімді ұлт» сапалы білім беру жобасы үздіксіз білім берудің басым бағыты мен алтын кілті саналады. Және бұл бастама М.Х.Дулатидің педагогикалық мұрасының мазмұнын ашуға толық септігін тигізеді» – деді.
Жоба аясында еліміздің әр өңірінде тиісті жұмыстар өз деңгейінде орындалып келеді. Әрі педагог мамандар болашақта білімнің сапалы деңгейде орындалуы үшін барынша ізденіп, жұмыс жасайтындықтарын айтады.