Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:52, 05 Қыркүйек 2024

Билік тұрғын үй саясатын қолдайды

баспана
Фото: из открытых источников

Қазақстандағы ең өзекті әлемуеттік мәселе – баспана. Отандастарымыздың басты мақсаты да, тапқан табысының көп бөлігін жұмсайтын арнасы да үй алуға бағытталады.

 Сондықтан, мемлекеттік саясат та осыған бейімделген. 2023 жылғы есептерге сүйенсек, елімізде 2 493 685 тұрғын үй бар. Freedom Finance Global жүргізген зерттеулерге қарасақ, үйі барлардың да қатары қалың. Нақтырақ айтқанда, Қазақстан халқының 52 пайыздан астамы өз баспанасында тұрады. Бұл есептегі жастардың үлесі 30 пайызға жуық. Ал қалған 70 пайыздайы жасы келген азаматтар. Соған қарамастан, үй кезегінде тұрғандардың да қарасы көп. Былтыр 621 мың адам үй кезегінде тұрған. Оның 402 мыңы әлеуметтік осал топтағылар. Үй беріліп жатқанымен де бұл тізім қысқарар емес. Керісінше артуда. Биылғы есеп бойынша, үй кезегінде тұрғандар саны 650 мығнан асты. Еске сала кетсек, өткен жылдың қараша айында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев тұрғын үй кезегінде тұрған адамдарға қатысты мәліметтерге тоқталып, кезекте тұрған 646 мың азаматтың 232 мыңы тізімнен шығарылатынын мәлімдеді. Айтуынша, 96,1 мың адамда соңғы 5 жылда тұрғын үйі болған, 533 адамның азаматтығы жоқ, 91,4 мың адамның тіркеу орны кезекте тұрған өңірмен сәйкес келмейді, 29 мың адамда мүлде тіркеу жоқ, ал 15,6 мың адам кезегіне жетпей қайтыс болып кеткен.

Әрине, бұл үй беру мен тұрғын .й саясатының мақсаттарына қатыссыз фактілер. Себебі, баспанаға мұқтаждар қатары сиремейтіні белгілі. Осы бағыттағы жұмыстарды реттейтін жаңа заң да қарастырылып жатыр. Бұл заң бойынша да әлеуметтік аз қамтылған топтар мен олардың төрт санатына көбірек құқық беріледі. Яғни, баспана беруде осы топтар басым болып есептеледі. Олар: соғыс ардагерлері, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы аналар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, көпбалалы отбасылар. Тағы қызмет барысында қаза тапқан азаматтар мен азаматшалардың отбасына пәтер беріледі. Жаңа заң осыны да көздеп отыр. Парламент мәжілісі тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері туралы заңды екінші оқылымда қабылдады. Ол президент тапсырма һсы бойынша үкіметте әзірленген болатын. Заңда тағы алынған баспананы жекешелендіруге қатысты мәселелер де қарастырылған.

Бұдан бөлек банктер мен ірі құрылыс компанияларының да ұсынатын мүмкіндіктері артқан. Олардың тиімділігі де жоғары деңгейде. Солардың бірі жергілікті әкімдіктермен, мемлекетпен бірігіп жасалып жатқан пайыздық бағдарламалар. Оның айқын бір мысалы – «Алматы жастары», «Елорда жастары» сынды бағдарламалар. Бұл бағдарлама бойынша 35 жасқа толмаған азаматтар өтініш бере алады. Онда ең төменгі бес пайыздық мөлшерлемемен 18 миллион теңгеге дейінгі сома несиеге беріледі. Бастапқы жарна да көп емес, небәрі 10 пайыз. Шарттар да қиын емес. Алдымен тиісті құжаттардың сканерленген нұсқасын тиісті платформаға жүктеп, кейіннен бағдарламаға қабылданған жағдайда, тағы бірнеше қағаздарды рәсімдейсіз.

Тегтер: