«Бір ай бойы ораза тұту Құранда жоқ»

16.04.2019, 01:41

2

Ораза –мұсылманның қасиетті бес парызының бірі. Тіпті, исламның өзге парыздарын орындамайтын адам да Рамазан айында ораза ұстап жатады. Демек, ораза ұстау – мұсылмандықтың ең көп жетілген, ең көп таралған бір парызы.

Қазақстан дінибасқармасы сайты сұрақ-жауап формасында арнайы әзірлеген материалда: «Рамазан айында ораза тұту әрбір ер және әйел мұсылманға парыз. АллаТағала Құран Кәрімде: «Уа иман келтіргендер! Сендерге бұрынғыларға парызетілгендей ораза парыз болды, бәлкім сақтанарсыңдар. Санаулы күндерде», – деген(Бақара, 183)», дейді.Яғни, Бақара сүресінің 183-аятында оразаның парыз екені жазылған.

Халифа Алтай аударғаннұсқа да осы мағынаға жақын. «Әймүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әринесақсынарсыңдар. (183)». Көріп отырғаныңыздай, арасындағы сөздер мен кейбірмағыналары өзгеріп тұрғанмен («бәлкім», «әрине») оразаның парыз екені өзгеріссізжазылған.

Бұл екі нұсқаныкелтіріп отыруымыздың себебі жоқ емес. Редакциямызға келіп түскен бір мақалададәл осы «парыз» сөзі – парыз емес, «ұсыныс» ретінде тәпсірленіпті. Автороразаның шығу тарихына тоқтала келіп, жоғарыдағы аятты:«Әй мүміндер! Бұрынғыларға ұсыныс етілгендей сендерге де оразаұсынылды. Сақтықпен қарағайсыңдар!» деп аударады.

Бұл жағдайды құранды әркім өзінше (білімі жеткен жерге дейін) түсінеді деп қоя салуға да болады. Діни тақырыптағы талас-тартыс қызып тұрған уақытта мұндай пікірлердің айтылуы заңды да. Дегенмен, дінтанушылар мен ҚМДБ тарапынан айтылар қарсы уәж бен ғылыми нақты дәлелдердің болатынын ескеріп, аталмыш мақаланы жариялағанды жөн көрдік.

Автордың көзқарасыредакцияның ұстанымын білдірмейді. Және баламалы баспасөз есепті сайтымыздыңмінбері —  ашық пікір алаңы екенінестеріңізге салып, материалға қарсы мақала, ой-пікір болса жариялайтынымыздыайтқымыз келеді.

Оразаны қанша күн тұту керек?

Ораза тұту мәселесіИбрагим пайғамбар арқылы тарамдалған бірқұдайлық рационал діннен бастау алады. Бұлрәсім иудаизм мен христиан дәстүрінде де көрініс тапқан. Бірақ христиандініндегі 40 күндік ораза (Иса пайғамдардың шөлдегі қиындыққа тап болуы) Киелікітаптарға қатысты мәселе емес, бұл дәстүр ретінде кейін қалыптасқан рәсім.Тура осындай қиясты ислам дініндегі «30 күн оразаға» қатысты айтуға болады.Шындығында, Рамазанда бірай бойы ораза тұту Құранда жоқ, бұл араб халқының ежелгі салт-дәстүрі ғана.Егер Құдайдың сөзіне — Құранға ғана сүйенсек, бұл Киелі кітаптағы оразажөніндегі сөздің төркіні Тәураттағы Йом Кипур оразасымен ғана байланысып тұр.Яғни, ислам дініндегі ораза тұту мәселесі иудаизмді негіздейдін Киелі кітаптанбастау алып отырғанын көреміз және Тәураттағы осы принцип Құранда да көріністауып, мұсылманшылықтың негізгі ұстанымдарына айналып отыр.

Құранда ораза тұту жөнінде 2-сүренің (Бақараның)183-аяттан бастап айтылады. Әрі қарай оразаны кімдердің тұту-тұтпауы және оразатұта алмай қалған жағдайдақандай амал істеу қажеттігі түсіндіріледі. Бірақ 2-сүренің 183-аятында оразаныңпарыз екені айтылмаған. Аталған аят арабшадан аударсақ, мынандай түсінікбереді:

«Әй мүміндер! Бұрынғыларға ұсыныс етілгендейсендерге де ораза ұсынылды. Сақтықпен қарағайсыңдар!». Мұндағы «ұсыныс» сөзіоразаның парыз (міндет) екенін айшықтап тұрған жоқ. Сондай-ақ, «сақтық» жөніндегі ескертпеге де назарсалған жөн.

Оразаны қанша күн тұту керек?

Бұл сұрақты Құранның бірнеше аятына анализ жасаптабымыз. Мысалы, 184-аятта «санаулы күн» (арабша ма дудати – санаулы, аз, сирекмағынасында) деп айтылады. «Бір ай» («30 күн») деген сөз жоқ. «Санаулы» депайтылуына қарағанда, ол санауға жеңіл сан, яғни ол адам қолының саусақтарыныңсанына қатысты цифр. Мұның дәл осындай екені басқа аяттарда да дәлелін тапқан.Денсаулығы жақсы, алыс сапарда қиналып жүрген емес, солай бола тұра ораза тұтаалмай өзін кінәлі сезінетін  адам «10кедейді» тамақатандыруы ізгі амал болып есептеледі. Ал ондай амал жасауғашамасы жетпесе, онда «үш күн оразамен» ауыстырылады (5:89). Құранда кедейлердітамақтандыру амалын соған сәйкес келетін ораза тұтумен де алмастыруға болады(5:95).

Сондай-ақ, 2-сүренің 196-аятында қажылық кезеңдеқұрбан шалуға мүмкіншілігі болмаған мұсылман «қажылық кезінде 3 күн» және«үйіне оралған соң 7 күн», «толық 10 күн ораза ұстайтыны» айтылған. Көріпотырғанымыздай, толық ораза – 10 күн. Осы және басқа да аяттардағы дәлелгеқарап, оразаны тұту мерзімі 10 күн және оразаны бөліп-бөліп өтеуге болады дегентұжырым жасаймыз.

Оразаныміндетті түрде Рамазан айында тұту керек пе?

Құран аяттарына көз жүгіртсек, онда ораза ұстаубелгілі бір айға байлап қойылмаған. Егер мұсылман Рамазан айында науқастаныпнемесе сапар шегу себебінен ораза тұтуға мүмкіншілігі болмаса, онда оны басқауақыттың «санаулы күндерінде» өтеуіне болады (2:185). Осы аятта Құдайдыңадамдарға «жеңілдік қалайтыны, ауыртпалық артпайтыны», мұның бәрі (ораза тұту)«Құдайға шүкіршілік ету» үшін жасалатыны айтылған. Мұндағы Құдайдың адамдарға«ауыртпалық артпайтыны» — басты әрі маңызды тезис. Сондықтан Құдай оразаны«санаулы күн» тұтуды немесе оны басқа да ізгі амал жасаумен алмастыруғамүмкіншілік беріп отыр.

ТұрарбекҚұсайынов,

 «Демос' ҚБ-төрағасы.

Фото: asylsoz.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 13:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 12:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 13:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 13:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 13:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 13:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04