Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:10, 17 Наурыз 2022

Бір базына ыңғайында

None
None

Гәзеттің 10-наурыздағы санына: «Сенген қойым сен болсаң...». Олжас Сүлейменовке базына» тақырыпты шағын мақаланы оқып, авторы Бақытжан Қозғантегі ініме бірауыз сөз айтуды жөн көрдім.

Бақытжан ақын ағасының кім екенін анық білмейді екен. Бұл кінә тағуым емес. Олжастың шығармашылығын зерттеуші болса, бір сәрі. Ал Бақытжан оқырман ғана.

  Иә, Олжас «Адамға табын, Жер, енді!» өлеңі, «АзиЯ» деген кітабы үшін аңқау бізге Құдай берген ақын болып көрінген. Жете түсінбей алақайладық. Шын мәнісінде өлеңі публицистикалық-лирикалық шығарма емес, ғарышты игеру жарысында АҚШ-тан озған елімізді мадақтаған саяси өктем жыр болды. Адамзат тарихында ешбір халықта Олжасша: «Ты, Земля, поклонись Человеку! Твой Бог – Я!» деп лаққандар болған жоқ. Қазақта: «Анаңды Меккеге арқалап үш рет апарып келсең де, перзенттік борышыңды өтей алмайсың» деген асыл сөз бар ғой, бірақ әу баста қазағы туралы айтарын: «Казахский язык – кухонный язык» деп бастаған Олжас оны қайдан білсін. Білместігін әлі жалғастырып келеді. Мысалы: Қазақ мәдениеті орыс тілінсіз дами алмайды; Қазақстанға толық тәуелсіздік қауіпті, Ресеймен бірге болуымыз керек; Қазақстанның тарихы 1991 жылдан басталды; «Қазақта шекара болмады, қазіргі шекарасында мемлекеті болған жоқ» деген Назарбаевтың дүмшелігін бірден қостады; Алматы қаласында іс қағаздарын мемлекеттік тілде – қазақ тілінде жүргізу туралы шешімге бірінші болып қарсы ұмтылды; «Алматыны» қайтадан «Алма-Ата» деуін уақ-уақ қайталап жүр; ол құрған Назарбаев батасын берген партияның ғұмыры қысқа болуына партиясының танымал саясаткер журналшы Алдан Айымбетов дайындаған бағдарламасынан: «Зарождение казахской нации» деген дұрыс пікірді алдырып тастағаны себеп болды. Ұлтының заманға сай қайта түлеуіне қарсы болғанды кім деу керек?

«АзиЯ» кітабы «дүниені дүр сілкіндірген» емес, түсінбегендерді даурықтырды. Түрік әлемінің дүниежүзінің тарихшы-ғалымдары мойындаған білгірі  Лев Гумилев ол кітап туралы «Спор с поэтом» деген мақаласында былай деген (үзінді):

«Олжас Сулейменов написал книгу «AЗиЯ» (Алма-Ата, 1975)… Количество фактических ляпсусов в книге  превышает число страниц (304)…  эмоциональная фантасмагория Сулейменова. Огюст Конт никогда не предлагал смотреть на историю «глазами поэта»...».

Бақытжан қитығына тиген ақын сөзін мәслихатта естіген екен, ал оны «ДАТ» гәзеті Nege.kz сайтынан көшіріп басыпты (03. 03. 2022 ж.). Оқыдым. Олжастың айтқандары – мүлдем жалған. Желтоқсандағы наразылық дүмпуінің 1-күнін ол ҚКП ОК Мәдениет секторының меңгерушісі жазушы Софы Сматаевтың кабинетінде отырумен өткізді. Ол дерек Софының осы гәзетте шыққан мақаласында айтылды. 2-күні Жазушылар одағы ғимаратының алдына келіп: «Ағалар, қайдасыңдар?!.. Олжас аға, қайдасыз?!.» деген жастарды кіргізбеу үшін сыртқы есікті жауып тастатып, тыныш отырды. Оның Желтоқсанға «қатысы» туралы мынадай нақты дерек бар:

                         Исповедь декабристки

            Беседа с АНТАЕВОЙ Шолпан Мураткызы

В 1986 году я работала комендантом в Союзе писателей.                 

...17 декабря. К трем часам дня начались какие-то провокации, и сотрудники милиции, воспользовавшись этим, начали арестовывать собравшихся. Мы начали активно вступаться за тех, кого милиция забирала     с собой, некоторых удавалось отбить. К слову, и меня саму, схватив, начали волочь к автозаку. Меня толкали с такой силой, что с меня слетело пальто,         а я сама упала на землю...

Уже через некоторое время я узнала, как после площади оказалась в Кенсае. После того, как я потеряла сознание, меня заперли в автозаке с   другими митингующими. Оказалось, что в этом автозаке меня узнал милиционер из Фрунзенского района, который и оставил меня на улице в месте с одной девушкой, которая была мертва… Про мертвую девушку сказали  два молодых человека, которые и  нашли  меня  в  Кенсае.         

Дома ждал муж, который не мог найти себе места от беспокойства,    детей в школу он не пустил. Потом он мне рассказывал, как боялся и думал,   что  я  уже  не  вернусь  и, скорее  всего, погибла... 

На следующий  день  я  пошла  на  работу… Меня  вызвал  к  себе Олжас Сулейменов (руководитель Союза писателей), который на чрезвычайном совете, созванном  по  событиям, происшедшим  на  площади, узнал, что я была  на  площади.

  «Ты с ума сошла, хулиганка! Я тебя увольняю! Ты можешь уходить!» – крикнул он на меня.

  На что я ответила, что ни в чем не виновата, а на площадь выходила, чтобы отстоять свое достоинство. И при этом я задала ему вопрос: «Вы в      этом  вините  меня?».

  «Не надо заниматься пустой болтовней, выгоните ее как собаку!», – отрезал он.

… На следующий день я вместе с мамой и детьми уехала в Кокшетау.           Так  в  моей  памяти  отпечатался  декабрь 86-го.                             

                                                             Записал Аскар МАШАЕВ

(«Трибуна. Саяси алаң», 2013 г.)

Олжас құрдасыммен он екі жыл қызметтес болдым. Жазушылар одағымыздың құзырында. Ол сегіз жыл 1-басшы болды. Қазағының тілінде сөйлемеді. Жалпы, әй-шәй дескен жоқпыз. Алайда бертінде көңілімді қатты қалдырды. Ол КСРО Халық депутаттығына Алматыда өте алмай, досы Н.Назарбаев Семей облыстық партия комитетінің 1-хатшысы Кешірім Бозтаевпен сөйлесіп, сол жақтан өткізуге келісіп, ақынды сонда жіберді. Кешірімге: «Полигонды жабу күресіңде саған көмектеседі» деп. Оның  қалай көмектескенін Кешірім «Семей полигоны» кітабында (1992 жылы шыққан) айтып берді. Оқылық:

 «… Полигонды жабу мәселесі шешілуге жақындағанда, өкінішке қарай, басқа бір мәселенің шеті – бұл кімнің еңбегі деген сұрақ қылтиды.  Баспасөз бетін жауып кеткен жарияланымдарда: – Мұндағы еңбек «Невада-Семей» қозғалысынікі, тек қана соныкі! – делінді. Қозғалыстың әрбір әрекеті аспандата мадақталды. Оның белсенділері (кездейсоқ  жүргендер де бар) өздерін-өздері насихаттап, қозғалысқа солақайшылық бағыт бере бастады: олар өздерінің міндеті себепті-себепсіз жиын-жиналыс өткізе беру деп білді. Жалған деректер таратылды. Жиналысқұмарлық, кеудемсоқ желпініске, жұлқынысқа айналып, өмір шындығынан  ауытқып  кетіп жатты». 

Өздерін-өздері насихаттауға, өзгелерге насихаттатуға да шеберленіп алған олжасшылдарға бұл ақиқат сөз, әрине, шанудай қадалды. Бірақ көзі тірі Кешірімге қарсы шаба алмады.

1993 жылы, К.Бозтаевтың жасы 60-қа толғанда, Олжас, бір бармағын бүге тұрып:

«… В те нелегкие годы борьбы за прекращения ядерных испытаний на Семипалатинском полигоне Вы проявили стойкость бойца за интересы народа и мудрость истинного народного лидера...

В день Вашего шестидесятилетия, дорогой Кешрим Бозтаевич, мы выражаем Вам свое глубокое почтение и говорим благодарное спасибо! Олжас  Сулейменов». 23 июня, 1993 г.», деп құттықтау жеделхат жолдады (үзіндісі).

Семей өңірін ғана емес, Ертіс бойын 40 жыл ойрандаған, жүздеген адамның өмірін қиып, мыңдаған адамды мүгедек еткен зұлмат Семей полигонына қарсы күресті ресми алғаш бастап, Кремль төріндегі М.Горбачевқа жанпидалық хат жазып, полигонды жабуды, басқа жаққа көшіруді халық атынан талап еткен, оған қоса КСРО Министрлер кеңесінің төрағасы Н.Рыжковқа (Горбачев қабылдамай қойған соң) барып, семейліктерге 40 жыл бойы төленбеген өтемақыны төлеуге қаулы шығарттырып алғаны баршамызға мәлім.

Кешірім қайтыс болысымен (1999 ж.) Олжас  полигон тарихынан «Кешірім Бозтаев» деген аты-жөнді өшіріп тастауға кірісті. 2005 жылы «Казахстанская правда» гәзетінің тілшісімен сұхбатында Кешірімге қатысты сұраққа: «…Да, он  был  первым секретарем обкома, но не более того. И уж во всяком случае среди первых борцов за закрытие полигона его не видели», – деп  өкіректеді. Баяғы: «Мен!.. Мен!..».  Жағамды ұстамақ тұрғай, жұлып ала жаздадым. Аруақтан аттап  кету – мұсылмандыққа ғана емес, жалпы адамгершілікке жат кінә да, күнә да!.. 

Содан беріде полигонға қатысты жиындарда, әзірше соңғысы – полигонның жабылғанына 30 жыл толуына арналып Алматыда 2021 жылы тамыз айының 31 күні өткізілген конференцияда оған қатысқан олжасшыл «қасқалар мен жайсаңдар» Кешірімді еске түсіру ишаратын да жасамаған. Биліктің хабаршысына айналған бұқаралық ақпарат ол  тарихи датаны атап өту парызынан жаңылды, ештеңе жазбады. Кешірім Бозтаев бұл дүниеде болмағандай. Шындықты шырғалаңға салғандарына ашынып мақала да, Назарбаевқа хат та жаздым («Кешірім Бозтаевтың кінәсі не?» деп). Екі дос ақиқатты қажет етпеді.

К.Бозтаевты қазақстандықтар, Ресей, Жапония, т.б. елдердің ядролық қару-жарақ шығаруды тоқтату күресін жүргізушілері қолдады. Кешірімнің хаты Кремльді дүрліктіре бастағанда КСРО Ғылым академиясының вице-президенті, физик-академик Евгений Велихов Семейге келіп,  жұртшылықпен кездесулер өткізіп, Курчатов қаласында болып қайтып, Горбачевқа полигонды жабу жөніндегі талаптың орынды екенін түсіндірген хат тапсырды.

Жоғары-төменді деңгейлерде болған сан қилы айтыс-тартыстың нәтижесінде бозтаевтар жеңді! Полигонды жабу туралы жарлық шықты!

Е.Велихов бертінде Ресей орталық телевидениесінің «Мәдениет» бағдарламасы бойынша өткізілген кездесуде өзіне қойылған сұраққа жауабында:

«… Сулейменов к закрытию полигона имеет крайне незначительное отношение. Так, мимоходом – артикуляция и шумиха для начала и сопровождения переговоров между Москвой и Вашингтоном.

Главная идея контроля над прекращением ядерных испытаний заключалась в допуске советских специалистов в Неваду, а штатовских в Семипалатинск. Каждый устанавливает свою специальную аппаратуру и держит друг друга руку на ядерном пульсе… Все переговоры с Госдепартаментом, Конгрессом, Пентагоном вёл я и высшие офицеры КГБ и ГРУ. И никакого Олжаса Сулейменова там не было. То есть всё решалось на оси Москва – Вашингтон, а движение «Невада-Семипалатинск» было не больше чем цветок на обочине дороги» деді. Ақиқатты айтқаны!

«Всё решалось на оси Москва – Вашингтон» дегені Семей полигонын жабудың межеленгенін ұқтырғаны болар. Яғни, Н.Назарбаевтың: Тәуекелмен жарлық жазып, қол қойдым, дегені оның: Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата жолымен алдық, – деп сылдыратқанымен астарлас болды.

Шындықтың жолы шырғалай дейміз. Шырғалаңдатқыштар шұбырып жүргенде қалайша солай болмасын?!

                                                       

Тегтер: