Бір өзбекке жете алмадық немесе Патохтың патша көңілі

23.03.2020, 14:13

7

Біздің"үздік үштігіміз" бар, «бестігіміз» бар, әйтеуір Forbes-қакіретін байлардың көшін бастап тұрған бай-бағландарыымыз жабылып өзбектің бірбайынан артта қалып қойды. Ғаламтор бетінде  Қазақстанда тау-кен өндірісімен айналысатын«Eurasian Resources Group» бизнесінде үлесі бар Патох Шодиев қоры Өзбекстанға көмек ретінде қаржы бөлетіні жайлы айтыла бастады. Тіпті әлеуметтік  желілерде оның бөлген қаржысының көлемі  200 млн доллар екені де айтылып қалды. 


Біздің 10 қалталықалаулыларымыздың жабылып жүріп жинаған ақшасы 41 миллион долларды әзер құрап,бір өзбектің еліне бөлген ақшасының ширегінеде жете алмады. Өзге елде жүріп, өзелінің қамын ойлайтын осындай байларды аңсап кетесің ғой осындайда. Ал біздеөз елінде жүріп өзімсіне көмек беретіндер тізімін бастап тұрғандардың түріәзірге осы.



Әшейінде байлығын доллармен есептеп, алыс-беріс саудасын доллармен жасайтынмиллиардерлеріміз көмек ретінде бөлетін ақшасын теңгемен есептепті осы жолы.Долларға шаққанда көзге көрінбей азайып қалатын болған соң, сыртқы жүнінқампитып көрсетуге тырысқандары ма, әйтеуір 100, 200 миллион теңгелеп бөліпжатыр. Ал Шодиевтің бөлген 200 млн долларын өзбектің сомына шақса 1 триллион900 млрд сум болады.
Қазақтың теңгесімен 90 000 000 000-ды құрайтын бұл көмек ақшасымен Патох Шодиевбіздің «долларлы милиардерлерімізді» он орап алды десекте болады.

Қазақтың«Ер туған жеріне, ит тойған жеріне» деген мақалын өзбектің ері осы жерде тағыбір дәлелдеп тұрғандай. Өзбектер қанша байысада өз отанын ұмытпайды. Бұлдаолардың ұлттық рухтарының мықтылығының көрсеткіші емес пе?! Жалпы, біздіңкөршілес елден үйренеріміз көп. Президентінен бастап өзіндік пікірініңтұрақтылығын көрсетіп келе жатқан көрші елдің ауызбіршілігі, тілдеріне дегенқұрметі, бір-бірін қолдаудағы бірлігі үлгі боларлықтай іс. Қаржылық қолдау мәселесінекелгенде де бізден көш ілгері шығып тұр емес пе?!

Өзбекстан президенті бюджеттен 1 млрд доллар бөліп, арнайы фонд құрып,алыс-жақын шетелде жүрген байларынан қаржы тартып елдегі жағдайға байланыстыынтасымен әрекет етіп жатқаны көрініп тұр. Біздегідей емес
аурудың алдын-алуға және күресуге қажетті ақша мәселесін дұрыс шешіп жатқаныдабайқалып тұр.
Өз елдеріндегі және басқа шет елдердегі байларын айтпағанда, Қазақстанда жүргенжалғыз Патох Шодиевтің іс-әрекетінен-ақ осыны байқауға болады.
Халықтың қамын бәрінен артық ойлайтын президенті бар,
шетелден ақша тауып еліне көмектесер Патохы бар өзбек халқы бақытты екен!

Осы тұста, басымдық беріп атап өтер бір жайт: Патох Шодиев Қазақстанның"Құрмет" және «Барыс» ордендерінің иегері.
Қазақстанда жүріп бизнесін дөңгелетіп, біздің ордендерімізді төсіне тағып,құрметке бөленіп жүрген Шодиев мырза өз елі үшін аянып қалмайтынында көрсетті.Сыртта жүрмін деп тек Қазақстанның ғана емес өз елініңде құрметіне бөленудіұмытпаған патша көңілді Патох мырзадан біздің байлар сабақ алса жақсы болареді.
Тіпті, май ішінде шылқып, байлыққа былқып жүрген миллиардерлерімізге«Миллиардтарды жұмсаудың тиімді жолы» деген мастер класс өткізседежарасады-ау Шодиев акаға.

Патохтың патша көңілі мен жомарттығы біздің қайырымды бай-бағландарымызға үлгіһәм жұғысты боп, қазақтың арасынанда «Патохтар» шыға берсін!


  Гүлім Омар


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27