Бір жыл болмай бүлініп жатқан жаңа үй

12.12.2018, 23:22

5

Осыдан 8 ай бұрын Көкшетауда мемлекеттік Тұрғын үй жинақ банкі арқылы салымшылар жаңа баспанаға қол жеткізген болатын. Көптің арманына айналған үйге ие болған бұл тұрғындар сол кезде аса қуанышты еді. Алайда қуаныштары көпке ұзамай, сең соққандай  басылды. Себебі, тұрғын үйдің сапасыздығы қоныстың алғашқы апталарының  өзінде  байқала бастаған. Шатырынан су ағады, қабырғаларда жарықшалар пайда болған. "Өзге де олқылықтар аз емес" – дейді пәтер иелері.Тоғыз қабатты жаңа үйдің пәтер кілттерін Ақмола облысы  әкімінің орынбасары Василий  КРЫЛОВ  12 мамыр күні тұрғындарға салтанатты түрде табыстаған. Алайда, бұл үйдің сол кезде құпияға толы екенін аңғармадық дейді пәтер иелері. – Бұл үй сапасыз. Қаншама проблема шығып жатыр.Қазақта мақал бар ғой, «сырты бүтін іші түтін» деген. Лифт істемейді. Газ істемейді. Жылу есептегіш құралдары  тіркелмеген, – дейді тұрғындар.Бұдан бөлек үйдің құрылысынан да ақау кеткен екен.Шатырдағы люктерден, балкондардан  су кетті талай. Қаншама нәрсеміз бүлінді, – дейді тұрғыны  Айгүл ШАҚАНОВА.– Жетінші этаж бен сегізінші этаждың арасы жарылған. Қаншама адам келді, көрді. Бірақ ешкім ештеңе істемеді, – дейді тағы бір тұрғы Дина ӘБДІЛМАНОВА.Айта берсе, бұл үйде ірілі-ұсақты олқылық жеткілікті. Кемшіліктерді жауапты құрылыс компаниясы «Жакия» ЖШС жөндеуі керек болатын. Алайда, мердігер банкрот жариялап, кемшіліктерді қалпына келтіруден  бас тартып отырған көрінеді.– Мердігер компания міндеттерін жауапсыз атқарғаны жөнінде сот шешімі шықты. Алайда, оның кемшіліктерді дұрыстауға мүмкіншілігі жоқ, – дейді «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» ММ жетекшісі Ержан ШӘКІРЖАНОВ.Әкімдік қызметкерінің айтуынша, құжат мәселесінде  қиындықтар туындағандықтан лифт іске қосылмаған. Жоспарға сай реттеу жұмыстары аяқталса, 15 қаңтар күні жұмыс істейді. Тапсырыс беруші өзге де кемшіліктерді жоюға уәде берді. Ал, «Жакия» серіктестігіне қатысты тергеу жұмыстары жүрігізіліп жатыр екен.Фотолар автордікі.  
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04