Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:10, 13 Сәуір 2022

Біреуге ор қазба...

None
None

2022 жылдың наурыз айының 4 күні  Жас Алашта  "Желтоқсан батырлары» төрағалықты бөлісе алмай жүр", деген тақырыппен мақала басылып шықты.

Мақаланы оқып, танысып өз пікірімді ашық жазайын дедім. Мақалада Құрымбаев Болат көп нәрсені бұрмалап, жасырып жазған. «Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық қоғамдық бірлестігін құру идеясы 2007 жылдың желтоқсан айынан басталды. Бірінші конференция отырысы 2008 жылдын 27 мамыр айында өтті. Конференцияға ҚР-ның сегіз облысынан желтоқсаншылар шақырылып, жиынға 105 адам қатысты. 2009 жылдың наурыз айының 27 күні «ПҚ Желтоқсан ақиқаты» РҚБ тіркеуден өтті. Желтоқсан көтерілісіне байланысты барлық мәселелерді көтердік. 2009 жылы өз қаражатымызбен Республика бойынша желтоқсаншыларға арналған музей аштық. 2011 жылы ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігіне барып, «Желтоқсан ақиқаты» атты республикалық саяси газеті тіркелді. «Желтоқсан ақиқаты» кітабын шығарған мақсатымыз – желтоқсан көтерілісіне қатысып, зардап шеккен және мерт болған батырларымыздың ерлігін жазып, тарихта қалдыру еді.

Желтоқсан көтерілісінің қаһарман қыздары Сәбира Мұхамеджанова, Ләззат Асанова, Сұлухан Назарова оқыған оқу орындары мен жерленген жерлеріне үлкен мәрмәр тастан ескерткіштер тұрғыздық. Батыр бабаларымыздың мерейтойларына орай, үлкен супер марафондар өткіздік. ШҚО, Аягөз қаласына Желтоқсан – 86, Алматы облысы Талғар қаласына Желтоқсан – 86 ескерткіштерін тұрғыздық. Алматы облысы Тұздыбастау ауылындағы Калинин ескерткішін құлатып, орнына Алаш орда монументін тұрғыздық. Барлығы – 182 іс-шара өткіздік. Істеген жұмыстарымызға мемлекет жағынан көмек болмады. 2012 жылы қатарымыздағы Жақсылық Тұсайұлы Жексенбаев деген аяқ асты бүйректен сирақ шығарып, істеп жатқан істерімізге қарсы болды. Ұйым төрағасы Бейсенғазы Сәдуұлы бәрімізді ұрды, соқты, ақшаны жеп қойды, деп мемлекеттік органдарға бұрқыратып, арыздарын жазып түсірді. Ж.Жексембаев маған жала жапқаны үшін 2012 жылғы қыркүйек айынын 9 күні жалпы жиналыс өткізіп, Ж.Жексембаевты «ПҚ Желтоқсан ақиқаты» РҚБ мүшелігінен шығардық. Сол Жексембаев артымнан андып, 2012-2015 жылдар аралығында бес рет қылмыстық іс қозғатты, жазған арыздары бойынша сот отырыстары өтті. Ақыры, сот шешімі мен жаққа шешілді. Содан ұйып отырған ұйымның арасында түсінбеушіліктер пайда болды. 2016 жылы Республика бойынша жер дауы басталды. ҰҚК мен Алматы қаласының ішкі саясат жағынан маған бірнеше рет телефоныма қоңырау соғып, алаңға бармауымды сұрады.

2016 жылдың мамыр айының 21 күні 50 желтоқсаншыны ертіп, алаңға шықтым, бірден мені ұстап алып кетіп, екі күн тергеді. Қолымнан қолхат алып, босатты. Содан 2016 жылдың шілде айында «ПҚ Желтоқсан ақиқаты» РҚБ төрағасы емес екендігімді білдім. Менің орныма біз білмейтін, көзіміз көрмеген, ұйымда тіркелмеген Болат Құрымбаев деген біреу ұйым төрағасы болып тіркеліпті. 2016 жылдың қараша айында адвокат жалдап, Болат Құрымбаевтың ҚР ӘМ Тіркеу комитетіне тапсырған құжаттарын алып көргенімізде, Б.Құрымбаев Ж.Жексембаевпен бірігіп, ұйым басшылығын менен ұрлап алғанын көрдік. Ж.Жексембаев 09.04.2016 жылы жалған жиналыстың №9 хаттамасын толтырып, жиналыс шешімі бойынша «Жақсылық Жексенбаевтың денсаулығына байланысты төраға қызметін Құрымбаев Болатқа өткізеді», деп шешім шығарған. Міне, парадокс! Жексенбаев ұйымнан 2012 жылы шығарылған. Жиналыс өткен күні 09.04.2016 жылы ҚР ӘМ Тіркеу комитетінде төраға қызметінде мен Нүкен Сәдуұлы Бейсенғазы тіркеліп тұрмын. Сонда Болат Құрымбаев, ұйымда жоқ, төраға қызметін атқармаған Ж.Жексенбаевтың орнына сайланған. Қоғамдық бірлестіктердің заңы бойынша, ұйымның басшысы ауысқанда, басты құжатымыз Жарғымыздың талаптары бойынша өткізу керек. Құрылтай жиналысын өткізуді үйлестіру комиссиясы ұйымдастырып, бір апта бұрын құрылтайшыларға хабарлануы керек. Жиналысқа төраға, төрағаның орынбасарлары қатысады. Осы талаптардың бірде-біреуі орындалмай, Ж.Жексенбаев пен Б.Құрымбаев барлығымыздан жасырын жиналыс өткізіп, ұйымның төрағасы болмаған Жексенбаевтың орнына Құрымбаев Болат тіркеліп алады. Мұндай сұмдық заң бұзушылықты ҚР ӘМ Тіркеу комитетінен күткен жоқпыз. Ұйымның оригинал құжаттары Жарғысының тіркелгені туралы анықтамасын алып, Астана қаласына бардым.

ҚР ӘМ орынбасары Жанат деген және Тіркеу комитетінің директоры Калимовамен кездестім. Қолымдағы құжаттарды көрген Калимова «Б.Құрымбаевты сотқа бер», деді. Мен, керісінше, сіздер сотқа беріңіздер, Құрымбаев Болат сіздерді алдады дедім. Не болмаса, жіберген қателіктеріңді түзетіп, заңсыз тіркелген Құрымбаевты тіркеуден алып, мені Нүкен Бейсенғазыны тіркеңіздер, дедім. «Жақсы түзетеміз», деп уәде берді, сөздеріне сендім. Біраз уақыт өтті Тіркеу комитеті ешқандайда өзгеріс енгізген жоқ. ҚР ӘМ Тіркеу комитетіне хат жаздым, сіздер Болат Құрымбаевтың заңсыз тіркелгенін көріп, маған уәде бердіңіздер. Енді «неге мені қайта тіркемейсіздер», дедім жауаптары – Б.Құрымбаевты сотқа бер, деді.

Мен Болат Құрымбаевты емес, ҚР ӘМ Тіркеу комитетін сотқа бердім. Талабым ҚР ӘМ Тіркеу комитеті менің заңдық тұлға ретіндегі құқығымды аяққа басып, өзім құрған ««ПҚ Желтоқсан ақиқаты» РҚБ төраға қызметімді мемлекеттік рейдерлік жолмен алып алды», деп. Адвокат жалдадым. Сотта адвокатым болған қыз бала «Бейсенғазы аға, маған ақша төледіңіз, маған ұят сияқты, себебі шындық сіз жақта, бірақ әділ шешім шығады деп ойламаймын, менім отбасым бар, шешімді сот шығарады», деді. Мен бірнәрсе түсінгендей, «саған не болды, әлде біреулер телефон шалды ма», дедім. Адвокатым үндемеді, сотта үш әріптің қатысы бар екендігін түсіндім.

2021 жылдың қараша айында «ПҚ Желтоқсан ақиқаты» РҚБ конференциясын өткіздік. Жиналысқа бәрі шақырылды. 350 адамның қатысуымен Бейсенбай Сайфолда төраға болып сайланды. Құжаттарымызды алып, 2022 жылдың наурыз айының 3-інде ҚР ӘМ Тіркеу комитетіне барып, өткіздік. 2022 жылдың наурыз айының 11 күні Тіркеу комитеті «ПҚ Желтоқсан ақиқаты» РҚБ төрағалығына Сайфолда Бейсенбайды тіркеді. «Аққа құдай жақ» деген осы болар...

Құрметті оқырман, желтоқсаншылар неге сонша төраға орнына таласады деп ойлайтын боларсыздар. Айтқымыз келгені, Болат Құрымбаев 2016 жылы ұйым басшылығына таза заң жолымен сайланған жоқ, Мемлекеттік органның көмегімен менен ұрлап алғанын дәлелдегім келген.

Тегтер: