Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:32, 28 Наурыз 2020

«Birgemiz-Mangystau» алғашқы аймақтық қоры тіркелді

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен коронавируспенкүрес жағдайында тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсету үшінқұрылған «BIRGEMIZ»республикалық қоғамдық қоры, Маңғыстау облысында «Birgemiz-Mangystau»алғашқы аймақтық қоры құрылғанын хабарлады.

«BIRGEMIZ»республикалық қоғамдық қорыныңтөрағасы Руслан Сәкеевтің айтуынша, демеушілік қаражаттың ашық және әділбөлінуін қамтамасыз ету үшін, өңірлерге жиналған қайырмалды қазіргі таңда жұмысістеп жатқан қорларға жинауға тыйым салынып, жаңадан қор тіркеу ұсынылған. Алқор қызметін бақылауды қамтамасыз ету үшін, әр аймақта қоғам белсенділерініңқатысуымен тексеру комиссиясы және қамқоршылар кеңес құрылады.

«Күн сайынелордаға әрбір өңірлік қордан түскен және жұмсалған қаражат, көмек көрсетілгендердіңсаны, азық-түлік және санитарлық-гигиеналық себеттердің құрамы, барлық қаржылықрастаушы құжаттары және т.б. туралы ақпарат беріліп отырады. Әрі қарай біз аптасайын әр аймақ бойынша есепті ресми сайтта және әлеуметтік желілерде жариялапотырамыз», — деді Руслан Сәкеев.

Жалпы,бүгінге дейін қордың есебіне 9 млрд. 500 млн. теңгеден астам қаржы түсті.Қазіргі уақытта көмекке мұқтаж азаматтардың санаттары мен тізімдерін нақтылаужұмыстары жүргізілуде.

«Барлыққайырымдылықтың тек ерікті негізде жасалатынын тағы да еске салғым келеді.Бюджеттік мекемелерден, сондай-ақ, азаматтардың еңбекақы қорынан аударымдар бізгетүскен жоқ, мұндай қаржыны қабылдамаймыз. Қордың барлық төлемдері,транзакциялар мен есеп айырысулар тек қолма-қол ақшасыз үлгіде жүргізіледі», — деді ол.

Осы орайда, Мемлекетбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз!» республикалықакциясы аясында, «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлердіардақтайық» партиялық жобалары арқылы халықтың түрлі топтарына әлеуметтік көмеккөрсету жұмыстары осы қор құрылғанға дейін басталғанын айта кету керек.

Елбасыныңтапсырмасымен «Nur Otan» партиясы карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматықалаларындағы жалғызбасты қарттарға, мүгедектерге және тұрмысы төмен көпбалалыотбасыларға атаулы көмек көрсету үшін 150 млн. теңге бөлді. Коронавирусіндетінің таралуына қарсы күреске Тұңғыш Президент Қорынан тағы да 200 млн.теңге бағытталды.

Бөлінгенқаражаттың арқасында партия белсенділері мен «Jas Otan» волонтерлары күн сайынхалықтың әлеуметтік әлсіз топтарын антисептикалық және гигиена құралдарымен,бірінші кезекте қажет азық-түлік пен басқа да тауарлармен байланыссыз таратужолымен қамтамасыз етуде.

«Nur Otan» мен«Jas Otan»-ның дәл осы тәжірибесін біз коронавирустың таралуы  кезінде ең мұқтаж адамдарды қолдау үшін,өзіміздің және аймақтық қорлардың жұмысында басшылыққа алып, пайдаланылатынболамыз», — деді Руслан Сакеев.

Тегтер: