«Birgemiz» қоғамдық қоры ресми сайтын іске қосты

02.04.2020, 16:09

3

«Birgemiz» Қоғамдық қорытүскен қаражат пен аймақтар бойыншакөрсетілген көмек туралы барлық ақпарат тұрақты түрде жарияланып отыратын birgemiz2020.kzресми сайтын іске қосты. Порталды еріктілер тегін жасапберді.

 

Мұнда барлық қайырмалдықтар бөлекбағанда көрсетіледі және ол қаражаттың түсуіне қарай жаңартылып отырады.Компаниялардың    жарналары «Қайырымдылық жасаушылар мен серіктестер»сегментінде көрсетілген. Сонымен қатар, орын алған  жағдайға бейжай қарамайтын қазақстандықтарсайтта көрсетілген деректемелер бойынша, ерікті болуға немесе қаржылық көмекжіберуге өтініш қалдыру мүмкіндігіне ие болады.

 

Сондай-ақ, ұйымның сайтында әрбіраймақтық қор туралы ақпараттар беріледі. Мұнда мұқтаж адамдар өз өңіріндегі қорментікелей байланысып, сұрақтарын қоя алу үшін, жергілікті жердегі жауаптытұлғалар мен олардың байланыс мәліметтері көрсетіледі.

 

«Біз үшін қор жұмысының ашықтығынкөрсету өте маңызды. Сондықтан сайтқа кірушілердің әрбірі бұл жерден банктікүзінді көшірмелерімен бірге ұсынылатын есептерді таба алады. Қиын күндердеотандастарымызды қолдау үшін қайырмалдық жасаған барлық қазақстандықтарға жәнееліміздің компанияларына алғыс айтамыз», — деді қор төрағасы Руслан Сәкеев.

 

Еске сала кетейік, «Birgemiz»қоғамдық қоры еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен, COVID-19пандемиясы жағдайында тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау мақсатында2020 жылдың 20 наурызында құрылды.

 

Қазақстандықтарға үндеуінде Елбасымемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан шаралар қазіргі қиын ахуалға сай деркезінде қолға алынғанын атап өтті. Соныменқатар, ол осынау сын сағатта ортақістен ешкім де сырт қалмауға тиіс екенін айтты.

 

«Зауалды еңсеру үшін басқа дақосымша ресурстарды жұмылдырған жөн. Әрбір азамат өзінің қолынан келетін үлесінқосуға тиіс. Мен бұл қиын кезеңде ел-жұртқа көмектескісі келетін және жәрдембере алатын адамдардың қаражаты жинақталатын Республикалық қор құруды ұсынамын.Жалпы, коронавирусқа қарсы күреске арналған қаражаттың дұрыс жұмсалуын «NurOtan» партиясы бақылауында ұстайды деп ойлаймын. Еліміздің көмекке мұқтаж әрбіразаматына қамқорлық көрсетілуі тиіс», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Өз кезегінде Қор жұмысыныңашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету үшін, құрамына белгілі қоғам жәнемемлекет қайраткерлері, азаматтық қоғам өкілдері мен жастар кіретін қамқоршылықкеңесі бақылау жүргізетін болып шешілді. Объективті жұмыс істеп, қор қаржысынбөлу үшін басшылыққа алынатын негізгі 10 қағидат бекітілді. Атап айтқанда:

 

— Ерікті жарналар менқайырмалдық көмек;

— Адрестілік (халықтыңәлеуметтік әлсіз топтарын, жасына байланысты COVID-19 жұқтыру қаупі жоғарыжандарды, коронавирустың зардабын шеккен және әлеуметтік-экономикалыққиындықтарға ұшыраған тұрмысы төмен қазақстандықтарды қолдау);

— Көмектің әділдігі;

— Қолма-қол ақшасыз жәнебайланыссыз көмек;

— Қор қызметі инфекцияныңтаралуына байланысты елдегі ТЖ-дың ұзақтығымен шектеледі;

— Қор қаражатының мақсаттыжұмсалуы (әкімшілік, ұйымдастырушылық шығыстары «Nur Otan» партиясыныңқайтарымсыз көмегі есебінен өтеледі);

— Үнемділік және тиімділік(қажетті тауарларды сатып алу кезінде оның бәсекелік негізде сапасы мен құныныңоңтайлы қатынасы талаптарын сақтау);

— Қазақстандық өндірушілердіқолдау;

— Қор қаражаты мен мемлекеттікбюджет арасының нақты ажыратылуы;

— Қор қызметінің ашық жәнеайқын жүргізілуі (БАҚ-та есеп беру, есептерді сайтта жариялау).

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34