«Birgemiz» қоры атаулы әлеуметтік көмек алмайтындарға да көмектеседі

03.04.2020, 00:16

10


Бұлтуралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен коронавируспен күресжағдайында халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсету үшін құрылған«Birgemiz» Қоғамдық қорының Қамқоршылық кеңесінің отырысы барысында белгіліболды.

 

Қамқоршылықкеңестің төрағасы, «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары БауыржанБайбек атап өткендей, бастапқыда қор қаражатын 100 мың мұқтаж азаматқа таратужоспарланған. Әйтсе де, бүгінде өңірлерден түскен өтініштер саны айтарлықтайөскен, ал партияның онлайн ресурсына көмек сұрап хабарласушылар саны – екіесеге артқан.

 

«ЕлбасыНұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қор қаражаты қарапайымқазақстандықтарға атаулы көмек көрсетуге жұмсалады. Бұл берілетін көмектіңәрбір жанға дербес белгіленуін қамтамасыз етеді. Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Biz Birgemiz» акциясының аясында Қорхалықтың әлеуметтік әлсіз санатына кіретін мұқтаж жандарға 50 мың теңгеденаударады. Бірінші кезеңде қаржылық қолдауды 150 мыңнан  астам аса мұқтаж азаматтар алады,ол 7,6 млрд. теңгені құрайды», — деді Бауыржан Байбек.

 

Қортөрағасы Руслан Сакеевтың мәліметінше, материалдық көмек екінші деңгейдегібанктер арқылы жеке тұлғалардың карточкаларына немесе ағымдағы есепшоттарынақолма-қол емес ақшалай түрде аудару жолымен көрсетіледі. Қазіргі уақыттаматериалдық көмекті аудару кезінде одан комиссия алмау мәселесі қарастырылуда.Сонымен бірге бұл қаражаттың кредиттері бойынша қарызы бар азаматтардыңберешегін өтеу үшін ұсталып қалмауы да пысықталуда.

 

«Ешқайдабарудың, ешқандай өтініш жазудың қажеті жоқ. Таяу күндерде аталған қаражатөңірлік қорларға аударылып, әрі қарай ол адамдардың есепшоттарына түсетінболады. Бұл үшін біз алдын ала бүкіл өңірлермен тиісті меморандумдарға қолқойғанбыз. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынымдарыныңнегізінде көмек қаражатты алушылардың 7 санаты бекітілген. Әкімдер аталғансанаттар бойынша көмек алушылар тізімін ұсынды. Олардың қатарында  атаулы әлеуметтік көмек алмайтындар,  төменкөпбалалы отбасылар, мұқтаж мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеп отырғанотбасылар, ең төменгі зейнетақы алып жүрген және халықтың әлеуметтік әлсізтобына жататын зейнеткерлер, жетім балалар (тұлдыр жетім балалар менасыраушысының бірінен айрылған балалар), Ұлы Отан соғысына қатысушылар менсоларға теңестірілгендер, тыл еңбеккерлері бар. Бұл ретте аталған әрбір санаттамұқтаж жандар да, сонымен бірге көмекті қажет етпейтіндер де бар екенін атапөткен жөн. Сондықтан біз тізімді тікелей жергілікті жағдайды жақсы білетінәкімдіктерден алдық. Аталған көмек облыс орталықтары мен коронавирус таралуқаупі жоғары ірі қалалардың тұрғындарына көрсетіледі. Осы жәйттер ескерілеотырып, 23 қала анықталды», — деді Руслан Сакеев.

 

Мәжілісбарысында Қордың Қамқоршылық кеңесі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының індеткеқарсы іс-шараларға тартылған 2 мыңдай медицина қызметкеріне материалдық қолдаукөрсету үшін 100 млн. теңгеден астам қаражат бөлу туралы ұсынысты қолдады. Таяууақытта қор басшылығы қос қаланың әкімдіктерімен бірлесіп қаражатты таратутетіктерін тұжырымдайды және 50 мың теңге көлемінде біржолғы төлем алатынмедицина қызметкерлерінің тізімін әзірлейді.

 

Жалпыбүгінгі күні «Birgemiz» қоғамдық қорының есепшотына 13,2 млрд. теңгеден астамқаражат түсті. Күні кеше қор үкіметтік оператор «СК-Фармация»компаниясымен 5 миллион маска сатып алу туралы шартқа қол қойды. Бұл маскаларНұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары тұрғындарының әлеуметтік жағынан еңәлсіз топтарына таратылады. Жинақталған қаражат туралы ақпаратты және өңірлербойынша бөлінетін көмекті бақылап отыру үшін қор birgemiz2020.kz ресми сайтынашты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39