"Birgemiz" қорынан көмек алу үшін төлем жасау керек деген ақпарат жалған

17.07.2020, 15:30

11

Бұл туралы «Nur Otan» партиясын Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

Құрметті достар! Әлеуметтік желілерде «Biz Birgemiz» ұраны аясында телеграм-боттар мен әртүрлі онлайн төлем жүйелері арқылы 50 мың теңгеден таратылып жатыр екен деген жалған ақпарат пайда болғанын хабарлаймын. 


Кейбір азаматтар қордың қайырымдылық көмегін алу үшін 2485 теңге мөлшерінде біржолғы жиынтық төлем төлеу қажет деген фейк хабар таратып жатыр. 

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қор қаражатынан берілетін материалдық көмек алушыларға екінші деңгейдегі банктер арқылы жеке тұлғаның карточкасына немесе ағымдағы есепшотына аудару тәсілімен беріледі. Бұл ретте қандай да бір құжат ұсыну немесе салық төлеу талап етілмейді. Сонымен қатар банктер ешқандай комиссия алмайды, егер алушының банк алдында несиесі бойынша қарызы болса да, бұл қаражат осы қарызды өтеу үшін ұсталмайды. 

Өздеріңіз білетіндей, Елбасының бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоры алғашқы күннен бастап 550 мыңнан астам қазақстандық отбасыға атаулы көмек көрсетті. Сондай-ақ коронавируспен күреске жұмылдырылған 2 мыңнан астам медицина қызметкері де 50 мың теңгеден алды. «Jas Otan» белсенділері 300 мыңдай отбасыға азық-түлік себеттерін жеткізіп берді. Сонымен қатар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Мақтаарал ауданындағы су басудан зардап шеккен Достық ауылының тұрғындарына арнап жаңа үйлер салуға қордан 340 миллион теңге бөлінді. 

«Birgemiz» қоры ашық және есеп беру қағидаттары негізінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсету жұмыстарын ары қарай да жалғастыра береді. 

Осындай күрделі кезеңде кейбір теріс ниетті жандардың қиындыққа душар болған азаматтардың сенімімен ойнауы өте өкінішті жәйт. 

Қор басшылығы мұндай алаяқтық әрекеттердің жолын кесу үшін құқық қорғау органдарына жүгінеді.

Тағы да қайталап айтқым келеді, тек ресми ақпарат көздеріне ғана сеніңіздер!
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39