«Birgemiz» қорынан мұқтаж жандарға 5 миллион маска тегін жеткізіледі
ҚазақстанРеспубликасы Президенті жанындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегімемлекеттік комиссияның ұсынысы негізінде, Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасыменқұрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры, қазақстандық «СҚ-Фармация» үкіметтік операторымен 5 миллион маска алуға келісімжасады.
Бұған дейін еліміздің Тұңғыш Президенті Қауіпсіздік Кеңесінің отырысындакоронавирустың таралуына қарсы күрес шаралары аясында, мұқтаж жандарды қажетті қорғанысқұралдарымен, оның ішінде медициналық маскалармен қамтамасыз ету қажет екенін айтқанболатын.
Қор төрағасы Руслан Сәкеевтің айтуынша, сатып алынған маскаларкоронавирустан ең көп зардап шеккен қалалар — Нұр-Сұлтанға (2 млн. дана),Алматыға (2 млн. дана) және Шымкентке (1 млн. дана) жеткізіледі.
«СҚ-Фармация» келісім бойынша аталған қалаларға масканы 10 күн ішіндежеткізуге міндетті. Бір маска бағасы оның қалаларға жеткізілу құнын қосаесептегенде 118 теңгені құрайды. Сондай-ақ, сатып алынған маскалардың сапасына да«СҚ-Фармация» жауапты. Өз кезегінде, әкімдіктер бұған дейін қормен жасасқан меморандумғасәйкес, маскалардың таратылғаны туралы есеп бере отырып, олардың тиісті мекен-жайларғауақытылы жеткізілуін қамтамасыз етуі керек.
«Маскалар ең алдымен, тұрғындардың вирус жұқтыру қауіпі жоғары әлсізтоптарына, оның ішінде жалғыз басты қарттарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға,жетім балаларға, ҰОС-ның ардагерлеріне және оларға теңестірілгендерге, тылеңбеккерлеріне, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар мен мүмкіндігі шектеулібалаларды күтуші адамдарға арналған», — деді Руслан Сәкеев.
Еске сала кетейік, «Birgemiz» қоғамдық қоры Елбасының бастамасымен коронавирусқақарсы күрес жағдайында халықтың мұқтаж топтарын қолдау мақсатында құрылды. БүгіндеҚорға 13 миллиардтан астам теңге түсті. Көмек алушалардың тізімдерін нақтылау үшінәкімдіктер және әлеуметтік қамсыздандыру мекмелерімен белсенді жұмыс жүргізілуде.Көрсетілген көмектің барлық түрлері мен түскен қаражат бойынша ұйымның сайтындажәне әлеуметтік желілерде ұдайы ақпараттар жарияланып, жұртшылыққа тұрақты түрдеесеп беріледі.
Анықтама үшін:
«СҚ-Фармация» компаниясы2009 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының Үкіметімен халықты тегінмедициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде дәрі-дәрмекпенқамтамасыз ету, фармацевтика саласының тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігінарттыру мақсатында құрылды.