Біртанов: 19 адам аппаратпен тыныс алып жатыр

27.05.2020, 16:31

4

Қазақстанда коронавирус жұққан 19 адам өкпеге ауа жеткізетін аппаратпен тыныс алып жатыр. Науқастардың 85 пайызында ауру жеңіл өтіп жатыр. 13 пайызының жағдайы — орташа. 1,5 пайызының жағдайы — ауыр. Бұл туралы 27 мамыр күнгі онлайн-брифинг кезінде денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.

Министрдің айтуынша, соңғы екі аптада науқастар өсімі шамамен 5 пайыз болғанмен кейбір аймақтарда атап айтқанда Атырау, Қарағанды, Қостанай, Түркістан, Алматы, БҚО, Жамбыл облыстарында науқастар көбейген.

— Өкінішке қарай, ірі кәсіпорындарда тіркелген. Мысалы, Атырау облысында Теңіз кенішінде — 1063, Қарағанды облысында — 358, Шымкенттегі «ПетроҚазақстан» ұйымында — 2019, Нұр-Сұлтан және Түркістан қалаларында құрылыс кәсіпорындарында 80-нен астам науқас тіркелген. Бұған қоса, Алматы және Жамбыл облыстарында әскери ұйымдарда тіркелген, — деді министр.

Дегенмен министрдің айтуынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны әлем елдерімен салыстырғанда төмен. Біртанов жағдайдың бақылауда екенін айтып, тұрғындарды гигиена ережелерін қатаң сақтау шақырды.

Қазақстанда барлығы 9304 адамға вирус жұққан. 4613 адам айыққан. 37 адам қайтыс болған.

/* BANNER 3 COLUMN */ #corona-banner-GR-1636 { background: url(https://gdb.rferl.org/07829361-768A-414D-98AE-F30F33BDF8DD.jpg) no-repeat center center; -webkit-box-align: center; -ms-flex-align: center; -ms-grid-row-align: center; align-items: center; background-size: cover; padding: 0 15px; text-align: center; height: 100px; -webkit-filter: brightness(80%) contrast(120%); filter: brightness(80%) contrast(120%); position: relative; float: none; } #corona-banner-GR-1636:after { content:''; position: absolute; width: 100%; height: 100%; background: rgba(0,0,0,.2); top: 0; left: 0; } #corona-banner-GR-1636 .banner__text { color: white; text-transform: uppercase; z-index: 1; text-shadow:1px 1px 8px rgba(0,0,0,.8); } #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 37px; line-height: .8; transition: all .3s; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 39px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 20px; line-height: .9; } @media(max-width: 480px) { #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 28px; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 30px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 15px; } } }

LIVE Коронавирус
Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04