Біртанов аймақта вирус жұқтырғандар саны көбейгенін айтты

07.04.2020, 15:40

4

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 20 науқастың жағдайы — ауыр, жеті адам өкпені жасанды желдету аппарасына қосылған деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

«6 науқас қайтыс болған, 46 адам жазылды. Қазір 670 науқас бар, 20 адамның жағдайы — ауыр, жеті адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған» деді Біртанов сейсенбі күнгі үкімет отырысында.

Оның айтуынша, 6 сәуірде үш науқастың жағдайы жақсарғандықтан аппараттан ажыратылған. 88 адамның жағдайы — орташа ауыр, 510 науқастың жағдайы жақсы.

"Қазақстан бойынша науқстармен байланыста болған 19 112 адамның 97 пайызы табылып, оқшауланған" деді министр.

Біртановтың сөзіне қарағанда соңғы кезде аймақта вирус жұқтырғандар саны көбейген.

«Соңғы бір күн ішінде [вирус жұқтырғандар саны] 83 пайызға көбейді. Қарағанды облысында 16 жаңа науқас анықталды, науқастар саны 50 пайызға көбейді. Қызылорда облысында 13 жаңа науқас — 35 пайызға көбейді. Жамбыл облысында 12 жаңа науқас — науқастар саны 43 пайызға көбейді. Қазір ең үлкен көрсеткіш аймақтарда» деді министр.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 670 адамнан коронавирус табылған. 6 сәуірде коронавируспен күрес жөніндегі штаб 120 медицина қызметкеріне коронавирус жұққанын хабарлаған болатын.

/* BANNER 3 COLUMN */ #corona-banner-GR-1636 { background: url(https://gdb.rferl.org/07829361-768A-414D-98AE-F30F33BDF8DD.jpg) no-repeat center center; -webkit-box-align: center; -ms-flex-align: center; -ms-grid-row-align: center; align-items: center; background-size: cover; padding: 0 15px; text-align: center; height: 100px; -webkit-filter: brightness(80%) contrast(120%); filter: brightness(80%) contrast(120%); position: relative; float: none; } #corona-banner-GR-1636:after { content:''; position: absolute; width: 100%; height: 100%; background: rgba(0,0,0,.2); top: 0; left: 0; } #corona-banner-GR-1636 .banner__text { color: white; text-transform: uppercase; z-index: 1; text-shadow:1px 1px 8px rgba(0,0,0,.8); } #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 37px; line-height: .8; transition: all .3s; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 39px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 20px; line-height: .9; } @media(max-width: 480px) { #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 28px; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 30px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 15px; } } }

LIVE Коронавирус
Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04