Біртанов бізді жерге қаратып кетті

Шілденің 8-і күнімемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев теледидар арқылы үндеуінде әлемдегіпандемияға байланысты қалыптасқан жағдай күрделене түскенін, коронавирустыңтаралуы бəсеңдемей отырғанын көпшіліккежеткізді.
Президент кейбір елдерде бұл індет қайтадан ушығып бара жатқанынатоқталып, еліміздегі жағдайға шынайы, ресми баға беріп, денсаулық сақтаужүйесінде жіберілген қателерді түзеуге байланысты жүзеге асырылатыніс-шараларды ашық түрде жариялады.
Күн санап індет қураған қамысқатиген өрттей етегін кең жайып, бағынбай барады. Шарасыздықтан өлім-жітім де баскөтерді. Қауіпті инфекция адамдардың жасына, қызметіне, байлығына, атағынақарамай дендеп барады. Көпшілік дағдарысқатүсіп, шыбын жанын қайда қоярын, қалай қорғанарын білмей зар қағуда.
Дәрігердің тапқан табысы адал,таза еңбек. Бірақ олардың еңбегі мемлекетімізде орынды бағаланбай келеді.Медициналық университетте жеті жыл оқып, «инемен құдық қазғандай» болыпмамандық алып шыққан жас дәрігердің айлығы 70-80 мың теңге дегенге біреу сенер,біреу сенбес. Қазіргі қоғамды экономикалық дағдарыс қысып, ай сайын тоқтаусызөскен қымбатшылық берекені алып, қалтаңды қағып, сананы тұрмыс билеп тұрғанзаманда жас дәрігер, жас отбасы қалай күн көреді? Қиындықтан құтылу үшін,нәпақа табу үшін ол бірнеше емханаға, ауруханаға, жеке клиникаларға жалданып,күндіз-түні терлеп-тепшіп, түн ұйқысын төрт бөліп, ұйқысы қанбай зыр жүгіредіде жүреді. Әрине, одан кейін оның жұмысында қандай сапа болады? Біразы мұндай берекесіз жұмыстан жеріп, «бүйткенмедицинаңа рақмет» деп, басқа салаға ауысып кетпесіне кім кепіл? Ауылдық емдеуорындарында, тіпті Нұр-Сұлтан мен Алматыда дәрігер-мамандар жетіспей (елімізде4000-нан астам дәрігер орны бос тұр деген дерек бар), денсаулық сақтау қызметіақсап жатқанының бір себебін осыдан іздегеніміз жөн.
Кезінде еш негізсіз педиатрия (балалардәрігері) факультетін жауып тастағанымыздың арты неге әкелгенін өмір көрсетті.Қазір елімізде балалар дәрігері тапшы. Дайындап жатқан жалпы білімдідәрігерлердің (ВОП) білімі жеткіліксіз. Академик, балалар хирургиясының негізінқалаған профессор Камал Ормантаев кезінде зар илеп, жоғарыға хат,газет-журналдарға мақалалар жазып, теледидардан сөйлеп, педиатрия факультетінқайта ашу керегін талап етіп те, жалынып та айтты. Бірақ жоғарыда отырған«ақылдылар» оның жанайқайына құлақ асты ма? Неге олар мамандардың кеңесінеқұлақ аспай, тыңдамай, қасарысып өз ойындағысын ойсыз, парықсыз іске асырады?Одан жалпы халық не ұтып жатыр, құлақсыз министрлердің зардабын кім көріпжатыр? Парламент пен сенатта отырғандар неге көптің сұрауына тас керең? Кейде«қандай мемлекетте тұрып жатырмыз, осы» деп қаның қайнайды, жүрегің сыздайды.
Ал қазіргі пандемия кезіндебілдік, індетпен сауатты күрес жүргізугеэпидемиолог-дәрігерлер жетіспей жатыр (баз бір мәліметтер бойынша 100-ге жуықдәрігер). Оған кім кінәлі? Тағы сол билік басында отырған, ертеңін ойламайтын,тек аяқ астын ғана көретін көрсоқыр, кеуделеріне нан піскен ойы таяз шенеуніктер«бізге эпидемиолог маман қажет емес» деп белден басып, соңғы жылдары олардыдәрігерлерді дайындау тізімінен мүлдем алып тастаған. Енді бармақтарын шайнап, жерге қарап отыр.Ойланбай істеген іс опық жегізерін олар, сөйтіп, кеш түсінген секілді. Не амал бар? Енді кімге қылыш сермейсің?Әттең, қазіргі кейбір билік иелерінің ойланбай істеп жатқан бей-берекетсізатқарып жатқан іс-шараларына, қабылдаған бағдарламаларына ішің удай ашыпқыж-қыж қайнайды, бірақ қолдан келер дәрмен жоқ. Қарапайым елдің қолы да, тілі де қысқа. Билік басындағыларғаолардың мұң-зары жете бермейді, олардың жанайқайына құлақ аспайды, тіпті«пішту» деп те қарамайды. Денсаулық сақтау министрлігін үш жыл басқарған ЕлжанБіртанов бізді, медицина қызметкерлерін, жерге қаратып, елдің алдында қарабететіп кеткенін қалай кешіреміз?
Біртановтың берекесіздікке орынберіп, ойланбай шығарған қауқарсызбұйрықтары, енгізген реформалары көпшілікті қайран қалдырды. Мысалы, экс-министріміздің ақылға қонбайтын,миға сыймайтын бұйрығына сәйкес, елімізқалаларындағы бірнеше ауруханаларды біріктіріп, көпсалалы ауруханаларғаайналдырды. Айталық, Тараздағы қаланың әр түкпірінде орналасқан облыстықаурухана, онкологиялық диспансер, облыстық перинаталдық орталықты (перзентхана)біріктіріп, көпсалалы облыстық ауруханаға айналдырды. Қалалық №1, №2 жәнеқалалық перинаталдық орталықты (қалалық перзентхана) біріктіріп, қалалықкөпсалалы аурухана етті. Сөйтіп, әрқайсысы өз бетінше халыққа тиянақтымедициналық көмек көрсетіп жатқан ауруханалар «пышақ ұшында» кетті,берекесіздік жайлады. Оның зардабын науқастар тартып, аурулар сарсаңға, әбігергетүсті. Одан мемлекет, жалпы халық не ұтты? Қанша қаржы үнемделді?
Қай мемлекет болсын халқыныңденсаулығына, олардың өмірінің ұзартылуына ерекше мән беруі керек. Халықденсаулығын ойламаған билік басшылары көртышқан сияқты санасыз,таяз түйсікті ойсыз жандар. Қолынанбасқару келмесе, тым болмаса тәп-тәуір қызмет етіп тұрған бар нәрсені бұзбай, елді дүрбелеңге салмаса едішіркіндер.
Екінші орынсыз бұйрығы – жеделмедициналық жәрдем стансаларын (көпшілік «103» деп біледі) облыс бойынша біржерге біріктіріп, барлық шақыртуларды топтастырғаны үлкен қателікке ұрындырды.Берекесіз іс медицина қызметкерлеріне ауыр тиюде. Көпшілік арасында наразылықкөбейді. Бірақ оған құлақ асып жатқан бір жан жоқ. Айта берсек, жіпке тізеберсек, еліміздің бас дәрігері болған Е.Біртановтың жіберген қателіктерінехалықтың өкпесі қара қазандай. Оның ұяты болса, халық алдында жіберген қателіктеріне,енгізген мардымсыз реформалары үшін, «қиратқан» істері үшін жауап беруі тиіс.
«Бәрін айт та,бірін айт» демекші, жыл басында Елжан Біртанов парламентте беті бүлк етпей, «біз коронавируспен күресуге толықдайынбыз: қаржы жеткілікті, қорғану құралдары (маскалар, СИЗ), дәрі-дәрмектер,экспресс-тестілер, дем алу аппараттары жеткілікті, мемлекеттік қор жасалды» депкөпшілікті сендірді. Наурызда індет елімізге жеткенде медицина саласы оғанмүлде дайын емесін көрсетті, карантин жарияланғанымен, індеттен қорғанушаралары жүйесіз екенін дәлелдеді. Сөйтіп, еліміздің бас дәрігері Е.Біртановтілімен орақ оратын, жалған сөйлейтін, популист, бос қуыс кеуде екенін танытты.Оның жіберген қателігі ел-жұртқа аяздай батты. Маска, дәрі-дәрмек таптырмай, елдісарсаңға салды. Бірнеше ондаған мың адам індетке ілікті, жүздеген адамдәрменсіздіктен көз жұмды. Артынан Елжан Біртановтың өзі де коронавируспенауырып, соны себеп етіп тым-тырыс қызметтен кетті. Тәжірибесі жоқтығынкөрсетіп, асфальттан басқаны көрмеген, іскерлік қабілеті мен адами қасиеті шамалы адамның қалай еліміздің денсаулықсаласын үш жыл басқарғанына таңғаласың. Үш жыл бойы біз кімге сеніп келдік?Қателік кімнен болды? Ол үшін кім жауап беруі керек? «Судың да сұрауы бар»деген сөз бар қазақта. Біртанов коронавирус туралы жарнамалық роликтерге 600миллион теңге қаржы жұмсағанша, сол қаржыға медициналық құрал-жабдықтаралдырмады ма? Неге қарақұрым халық дайындықтың жоғынан дағдарысқа түсіп,қауіпті тажал ауруға шалдығып, ағайынынан, бауырынан, әке-шешесінен айырылып,қан жұтып, қайғылы қасіретке жолығып, сеңдей теңселіп қалды? Ар, намыс, ұятдеген қайда қалды? Әлгі «Сұмырай келсе су құриды» деген сөз осындайдан шықсакерек, сірә.
Қазақта «Халыққаласа хан түйесін сояды» деген тәмсіл бар. Ел-жұрт тосын келген індеттенқиналып, бас пен жан қайғы болып жатқан қазіргі сәтте қаржыны аямай, халықтыөлім-жітімнен сақтап қалуға барлық істі жұмылдырған жөн. Көшені асфальттау, тротуартөсеу, жол салу, газ жүргізу және де басқа істер күте тұрар, биыл салынбаса,келесі жылдары болар. Қазір ел-жұртты мына ауыр тажалдан сақтау бірінші орындаболу керек. Басқасының барлығы екінші планға ығысуы тиіс емес пе? Түсінеміз,экономика да, мәдениет пен өнер және басқалары да керек. Бірақ адамденсаулығын, оның өмірін сақтап қалу қазіргі таңда жауапты міндет болып тұремес пе?
Денсаулығың болмаса, жинағанбайлығың көк тиынға да тұрмайды. Сондықтан денсаулық сақшылары – дәрігерлердің еңбегін орынды бағалап,қоғам олардың қызметіне тиісті бағасынбергені жөн. Олар оған әбден лайық және қолдауды талап етеді. Елімізде ерте ме,кеш пе, «Басымды ием саған, дәрігер!» немесе «Мың алғыс саған, дәрігер!» дегенсияқты көрнекті ескерткіш орнатылатынынакүмәнім жоқ.
Індетпен күресіп жатқан əрбіржанға күш-қуат бергей Алла тағала. Барлық сақтық шараларын орындап, абайболайық, ағайын! Халқымызға амандық тілеп, карантин шараларын қатаң сақтауға, алтиісті мемлекеттік органдар өз қызметіне қырағы жауапкершілікпен қарап,халықтың жағдайын жасауға міндетті. Өйткені біздің мемлекетіміздің ең қымбатқазынасы – халқымыз, оның денсаулығы. Дүйім халық болып күш біріктіріп, мынаауыр індеттен халқымызды сақтап қалу үшін бар күшімізді, білімімізді,қаржымызды да аямайық. Ел-жұртымыз аманболсын!
Сағындық ОРДАБЕКОВ,
медицина ғылымыныңдокторы,
профессор
Тараз қаласы