Біртанов: Коронавирустың тарауын толық бақылауға алдық

08.05.2020, 21:39

15

Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 8 мамырдағы онлайн-сұхбатта “коронавирустың тарауын толық бақылауға алдық” деп мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, елде коронавирус инфекциясының күнделікті өсу деңгейі 3-5 пайызды құрайды, COVID-19 дертіне шалдыққан 4500 астам адамның 60 пайызынан вирус профилактикалық тексеріс кезінде анықталған. Біртанов кейінгі күндері Алматы мен Нұр-Сұлтанда вирус жұқтырғандардың көбеюін қалыпты жағдай дейді.

“Вирус жұқтырғандардың санының өсуі халық арасында профилактикалық тестің көбейгенімен байланысты. Мысалы, бүгін Алматы қаласында вирус жұқтырғандардың 90 пайызы, Нұр-Сұлтанда вирус табылғандардың 80 пайызы профилактикалық скрининг кезінде анықталды. Яғни, олардың көбі ауырмаған, симптомы жоқ” деді Біртанов мемлекеттік Хабар 24 арнасының эфирінде.

Министр қазір елде вирус жұқтырған, бірақ симтомы жоқ адамдар үйде емделіп жатқанын айтты.

Біртанов “Қазақстанда ерте төтенше жағдай жарияланбағанда 24 наурыз-ақ елде 4500 адамға вирус жұғар еді” дейді. Елде коронавирус жұқтырған алғашқы адамдар 13 наурызда анықталған. Кейін билік 16 наурызда елде төтенше жағдай жариялап, біртіндеп карантин енгізе бастады.

Министрліктің есебінше, Қазақстанда 13 наурыздан бері 320 мың тест алынған мамырдың соңына таман күніне 25 мың тест алу көзделген. Ведомство алдағы уақытта Қазақстанда вирус жұқтырғандардан гөрі дерттен айыққандар көп болады деп үміттенеді.

Наурызда Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі мамырдың соңына дейін елде 3500 адамға вирус жұғады деп болжаған. Кейін бұл есепті өзгертіп, 4 мыңнан астам адам дертке шалдығады деген. Бірақ министрлік өз есебін үшінші рет өзгертіп, мамырдың соңына дейін 5300 адамға вирус жұғады деп отыр.

Қазақстанда 11 мамырда коронавирусқа байланысты жарияланған төтенше жағдай аяқталуы тиіс. Бірақ Біртанов елде карантин шаралары біртіндеп алынатынын айтады.

8 мамыр 17.00-дегі мәліметке сай, Қазақстанда 4794 адамнан вирус табылды (жұмада 216 адам қосылды). 1582 адам дерттен айықты (жұмада 64 адам жазылды). 31 адам қайтыс болды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39