Бишімбаев пен Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық сот отырысы өтті
Бүгін Астана қалалық сотында Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық сот отырысы басталды.
Іс сотталғандар мен олардың қорғаушыларының 2024 жылғы 13 мамырдағы бірінші сатының үкіміне апелляциялық шағымдары бойынша қаралуда.
Алқа ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы (ерекше қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру) бойынша үкімді сотталған адамның әрекетін ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігіне (Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) қайта саралап, өзгертілген біліктілігіне сәйкес жаза тағайындау, сондай-ақ істі қайта қарауға жіберу арқылы үкімнің күшін жою бойынша Қ.Бишімбаевтың қорғаушыларының ұстанымдарын тыңдады, делінген хабарламада.
Айта кетейік, алқабилердің 2024 жылғы 13 мамырдағы үкімімен Қ.Бишімбаев қылмыскерге материалдық жағынан тәуелді адамға қатысты жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы жәбірленушіге психикалық зардап келтіру (ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы), сондай-ақ ерекше қатыгездікпен жасалған жәбірленушіні өлтіру бойынша кінәлі деп танылды (ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы). Ол 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.
Алдын ала уәде берілмеген аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін (ҚК-нің 432-бабы) Байжанов Б., кінәлі деп танылып, оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.