17:44, 18 Сәуір 2024
Бишімбаев ісі: Сот Байжановтың ұялы телефонын тексерді
Бүгін Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.
Сот тергеуі барысында сот қылмыстық істің материалдарын, оның ішінде сотталушы Б.Байжановтың ұялы телефонын зерттеді. Сондай-ақ, іс бойынша бір куәден жауап алынды, делінген хабарламада.
Соттың келесі отырысы 22 сәуір, дүйсенбі күні сағат 10:00-ге шегерілді.