Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:52, 19 Қаңтар 2024

Бишімбаевқа тағылған айып бойынша адвокат пікір білдірді

Салтанат Нүкенова
Фото: из открытых источников

Салтанат Нүкенованың өлімі үшін Қуандық Бишімбаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2- тармағы, яғни "Қинау" бойынша қосымша айып тағылып отыр. Адвокат тағылған айыппен, сондай-ақ тергеу сатысы бойынша мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

"Қазіргі уақытта біз іс материалдарымен танысу сатысындамыз. Күдікті Бишімбаевтың әрекеті келесі біліктілік санатында: 
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы (Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру). Бұл бап бойынша 15 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы (Азаптау) төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады", - деп жазды жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Уразбахова.

Сондай-ақ адвокат күдіктінің ағасына қатысты да пікір білдірді. Оның айтуынша, аса ауыр қылмыс туралы хабарламау ісі негізгі адам өлтіру ісімен бірге тергелген. (1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 432-бабы (Қылмысты жасыру), (2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау). Екі бап бойынша да 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Адвокат Жанна Уразбахова (@advokatzhanna)