Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:00, 11 Қараша 2024

«Бишімбаевтың қашуы» туралы ақпаратқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қуандық Бишімбаев
Фото: kaztag.kz

Әлеуметтік желілерде сотталған Қазақстанның бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың түрмеден қашып кеткені туралы ақпарат тарағаннан кейін қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі ресми түсініктеме берді.
«Бұл жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлілер жауапқа тартылатынын хабарлаймыз», - делінген ведомство хабарламасында.
ҚАЖК қазақстандықтарға жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікті еске салып, тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

Бұған дейін желіде Бишімбаевты қазақ түрмелерінен табу мүмкін емес деген ақпарат пайда болған. Бірқатар журналистер ол жазасын Степногорда немесе Аршалыда өтеп жатыр деген болжам жасады. Алайда БАҚ бұл деректерді растай алмады. Кейін Telegram арналары оның түзеу мекемесінен қашып кеткені туралы жаза бастады.

ҚАЖК бұл ақпаратты «шындыққа сәйкес келмейді» деп жоққа шығарды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушы жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтейді.

Тегтер: