Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 12:00

Бишімбаевтың інісі Байжановтың жаза мерзімі қысқартылды

Бишімбаев
Фото: БАҚ

Ұлттық экономика министрлігінің экс-басшысы Қуандық Бишімбаевтың немере інісі, «Гастро-орталықтың» директоры Бақытжан Байжановтың жаза мерзімі қысқартылды. 

Ақмола облысындағы Степногор қалалық соты Байжановқа рақымшылық заңы бойынша мерзімді қысқарту туралы өтінішті қараған. Өтініш қарау кезінде Бақытжан Байжанов процестің БАҚ өкілдерінсіз өтуін қалаған. Алайда судья Акишев бұл өтінішті қанағаттандырмаған.

Сот шешімі бойынша, Байжановтың жазасын өтеу мерзімі 2027 жылдың 18 шілдесінде аяқталуы керек еді. Енді ол бір үшінші бөлікке қысқартылып, 2026 жылдың қарашасында бостандыққа шығады. Яғни, жаза сегіз ай сегіз күнге қысқартылды.

Соттың бұл шешіміне бірнеше фактор әсер еткен:

  • Байжанов отырған түзету мекемесінің оң мінездемесі;
  • Сот шешімімен өндірілген материалдық шығынның толық өтелуі;
  • Жауапты тәртіпте өзін жақсы жағынан көрсетуі — алғашқы оң тәртіптік деңгейге ие, екі марапаты бар.

Сот процесінде прокурор да мекеме өкілдерінің пікірін қолдап, жаза мерзімін қысқартуға келісім берген.

Еске сала кетсек, 2023 жылдың қарашасында  Салтанат Нүкенова қатыгездікпен өлтірілген. Бұл қылмысты жасағаны үшін оның азаматтық күйеуі, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Ал оның туысы Бақытжан Байжанов ҚР ҚК 432-бабы («Қылмысты жасыру») бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға сотталған болатын.

Тегтер: