Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:01, 10 Сәуір 2024

Бишімбаевтың сотындағы алқабилердің суреті БАҚ-та тарап кеткен

а
Фото: из открытых источников

ҚР Жоғарғы соты Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша өтіп жатқан сот процесінің алдыңғы отырысынан кейін БАҚ-та алқабилердің суреті тарап кетуіне қатысты мәлімдеме жасады.

Процесс барысында іс бойынша төрағалық етуші алқабилер алқасының фото және бейнежазбаға түсуіне, сондай-ақ олардың бейнелерін таратуға тыйым салу туралы бірнеше рет ескертті.

Тыйым алқабилерге қысым көрсету мүмкіндігін болдырмас үшін белгіленген. Бұл тыйымды бұзу сотқа қысым көрсету әрекеті ретінде танылады. Бұқаралық ақпарат құралдарының сотқа ықпал етуi белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

БАҚ туралы” Заңға сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иесі, таратушысы, бас редакторы, сондай-ақ таратылған материалдардың авторлары жазаға тартылады.Осыған байланысты сот кінәлі адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тарту рәсімін бастады.Іс бойынша төрағалық етуші жарияланған материалдарды алып тастауды міндеттеді, сонымен қатар оларды таратуға тыйым салды, делінген Сот хабарламасында.