09:19, 24 Сәуір 2024
Бишімбаевтың телефоны тексеріліп жатыр
Астанада Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр.
Кезекті сот отырысында күдікті Қ.Бишімбаевтың ұялы телефоны тексерілуде.
Сот заттай дәлелдеме – сотталушы Қ.Бишімбаевтың ұялы телефонын зерттеуді жалғастырды. Тараптар смартфондағы жеке хат-хабарлар мен фотогалереяны зерттеді. Сондай-ақ, іс бойынша бір куәден жауап алынды, делінген хабарламада.
Келесі сот отырысы 24 сәуір, сағат 10.00-де болады.