Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:45, 28 Шілде 2023

Биыл 400 мың оқушы материалдық көмек алады

None
None

Әлеуметтік осал топтағы отбасыдан шыққан балаларға мектеп формасы мен керек-жарақтарын сатып алуға биыл да ақша бөлінеді.

Әр оқушыға 40 567 теңгеден берілетін болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Көмекпен 400 мыңнан астам оқушы қамтылмақ.

– Балалармен бірге мектеп формасын, аяқ киім мен кеңсе тауарларын өздері таңдап алу үшін ақша ата-аналардың есепшотына аударылады, – дейді министрлік өкілдері.

Материалдық көмек жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сонымен қатар, Абай облысындағы апаттан қаза тапқан орманшылардың балаларына да қарастырылып отыр.

Тегтер: