Биыл бес мыңдай атыраулық баспанамен қамтылады

13.02.2019, 17:45

100

Атырауда «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы бойынша Атырау қаласында бір шама шаруалар атқарылды. Бұл туралы мұнайлы астана әкімінің есебін тыңдаған Жас Алаш тілшісі хабарлайды. -Менің тоғыз балам бар, жетеуі қыз, екеуі ұл. Әке-шешемізбен бірге тұрамыз, ыңғайсыз болса да айтайын, бойжетіп қалған қыздарым кейде кіреберіс бөлмеде киімдерін ауыстыруға мәжбүр, біздің жағдайымызды ескеріп кезектен тыс баспана беріле ме?-деп сұрады Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫНЫҢ есеп беру жиналысына келген тұрғын Аман СҮЛЕЙМЕНОВ. -Баспана заңға сәйкес, кезегі бойынша беріледі. Оны қарайтын арнайы комиссия бар, — деген шаһар басшысының жауабы қысқа әрі нық болды. Бұл жолғы жүздесу ел алдында жүрген зиялы азаматтардың жеке басының емес, көптің мәселесін айтқан белсенділігімен де есте қалды.«Атыраудың атақты ұстазы Сабыр Қазыбаев атындағы мектептің атауын алып тастады, ешкімнің де тарихқа бұлай араласуға құқығы жоқ» деген филолог, ғалым Қадір ЖҮСІПТІҢ шағымы ономастикалық комиссияға жіберілетін болды. -Біз тұратын Құрсай ауылы жылдан жылға үлкейіп келеді, сол себепті, жалғыз трансформатор аздық етіп тұр, тоқтың берілуі өте нашар; бізде және жақын орналасқан ауылдарда ешқандай спорт мекемелері жоқ; Құрсайдың көшелерін асфальттаған кезде, неге екенін, Арычная көшесі қалып қойған, ал бұл атақты әртіс Нұрмұхан Жантөриннің әкесі тұрған көше еді, бір жолы сол үйге алыстан көңіл айтуға келген бір топ өнер адамдары балшыққа батып жатқан көшені көріп, ыңғайсыз жағдайға қалғанбыз; ауылымыз Атырау мұнай өңдеу зауытына жақын орналасқан, осының өзі ауаға, экологиялық ахуалға теріс әсерін тигізіп отыр, мұндағы тұрғындарды келешекте көшіреді екен деген әңгіме қаншалықты шындыққа жанасады?,-деген журналист Қосұйым МҰҚАШЕВқала іргесіндегі елді мекен тұрғындарының атынан бірқатар проблеманы ортаға салды. Аталған жайлар «түртіп» алынғанмен, табан астында жауабы берілген жоқ. Сонымен, Әлимұхаммед Құттымұратұлының баяндауынша, биыл Атырауда 69 тұрғын үй салынып, бес мыңнан астам атыраулық баспанамен қамтылмақ. Қазіргі күні қала бойынша тұрғын үй салу үшін жер кезегіне тұрғандар саны – 85 мың адам құрайды. Биыл Зарослый және «Еркінқала-3» елді мекендерінен төрт мыңға жуық жер учаскесі берілмек екен.Сондай-ақ, бірқатар білім беру мекемелерін салу жоспарланған. Атап айтқанда, Жаңаталап ауылынан 300 орындық мектеп-интернат, Рембаза ауылынан Мұратбаев атындағы 300 орындық орта мектеп құрылысы, Балауса ауылынан 600 орындық орта мектеп бой көтермек.Мектептердегі орын тапшылығын толықтай жою мақсатында тағы да жаңадан он мектептің құрылысын  жүргізу үшін жоба жасақталып,  он төрт балабақша құрылысы жоспарланып отыр. Ал өткен жыл қорытындысына тоқталсақ, былтыр қала мектептерінің материалдық-техникалық базаларын жаңарту үшін 478 млн. теңгеге қажетті жабдықтар алынып,  Береке шағын ауданында 1200 орындық, Нұрсаяда 900, Жұлдыз шағын ауданында 624, Дамба және Ракуш ауылдарында әр қайсысы 300 орындық  мектептердің құрылысы басталды.Мәдениет саласына тоқталсақ, 2018 жылы Томарлы ауылынан 400 орындық, Жаңаталап ауылынан 200 орындық мәдениет үйлері ашылған. Сол сияқты, күйші, композитор Қаршыға АХМЕДИЯРОВ пен қазақтың үш биінің ескерткіштері орнатылды.  Қазіргі күні Ақжар және Еркінқала ауылдарында әрқайсысы екі жүз орындық мәдениет үйлері салынып жатыр.Баса назар аударылып отырған саланың бірі – бұқаралық спортты дамыту. Осы мақсатта Атырауда үш спорттық зал салынып жатыр, он спорттық нысанның  жобасы жасақталуда. Сол сияқты, Кеңөзек, Дамбы, Атырау, Ақсай, Балықшы ауылдық округтері спорт залдарымен қамтылатын болады.-Бізге тұрғындардан демалыс орындары, ойын алаңдары аз екендігі жөнінде көп шағым түседі, — деген Әлимұхаммед Құттымұратұлы «Нұрсая» шағын ауданынан саябақ және 22 сквер салынатынын атап көрсетті.-Скверлерді қаладағы мөлтек аудандарда жасағымыз келеді, алайда, қаладағы бос жерлердің көпшілігі жеке тұлғалардың меншігіне беріліп кеткен, осы кездесуді пайдалана отырып, тұрғын үйлер аумағында бос тұрған жерлердің иелерінен жер телімдерін мемлекетке өз еріктерімен қайтаруды сұраймын, — деп мәлімдеді қала басшысы.Мұнайлы астананы ауыз сумен қамту мақсатында жасалып жатқан жұмыстар да бар. Былтыр Сарыөзек және Бесікті елді мекендеріне дейінгі су құбырларының жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып, биыл Әбілқайыр хан даңғылынан Сарыөзекке дейінгі магистральді су құбыры салынбақ.Атырау қаласындағы №5 су сүзгілеу бекетін қаңта жаңғырту көзделіп отыр. Қаланың оң жағалауының қарқынды дамып келе жатқаны ескеріліп, қолданыстағы кәріз тазарту имараты жаңғыртылып, биологиялық тазарту имараты салынбақ. Сөз ретінде сол жағалаудағы осындай жұмыстардың былтыр басталып кеткенін айта кетейік.Атырау қаласы әкімінің есеп беретін күні белгіленгеннен кейін халықтын мыңға тарта сауалдар мен шағымдар келіп түсіпті, оның тоғыз жүздейі әлеуметтік желілер арқылы берілген. Сұрақтың көптігінен бұл жолы олардың бәріне бірдей жауап қата алмайтынын алға тартқан Әлимұхаммед Құттымұратұлы кейінірек әлеуметтік желілерде жазбаша түрде жауап беретінін жеткізді.Халықпен кездесуде әлдекімнің суырылып шығып, бата беруі сынды «үрдіспен» қатар, күтпеген жәйттар да кездесті. Мәселен, тұрғындардың бірі алдын ала хабарланып, сахнаға бадырайтып жазылып қойғанына қарамастан, қайда, кімге келгенін білмейтін болып шықты және онысын микрофон арқылы сұрауды қажет деп тауыпты. Ал тағы бір атыраулық облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қала әкімі лауазымына дәл осы кісіні тағайындауын «өте дұрыс шешім» деп бағалады.Фотоларды автор ұсынды.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58