Биыл Шет ауданында 64 шақырымнан астам көлік жолы жөнделеді
Жаз айында Шет ауданындағы бес ауылдың жолдары мен 56 кірме жолдар жаңартылды. Жоспар бойынша биыл 64 шақырымнан астам көлікжолы орташа жөндеуден өтуі тиіс.
Олардың ішінде облыстық маңызы бар жолдар бар. 15 шақырымы – ауылдық округке тиісті, 19,1 шақырымы – кент ішіндегі және ауылдық жолдар болып табылады.
Ауданда елді мекендердің инфрақұрылымын құруға көп көңіл бөлініп отыр. Батық, Бұрма, Дәрия, Көктінкөл және С. Сейфуллин ауылдарындағы жолдар жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен орташа жөндеумен қамтылды.
– Сондай-ақ жергілікті қазынадан Ақсу-Аюлы, Ақжал, Жұмыскер және Талды ауылдарында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Былтыр 56 айырмаға кірме жолдарды облыс қаражаты арқылы өңдедік. Биыл бұл аумақтардағы орташа қалыпқа келтіру міндеті аяқталды, Ақадыр кентінде жалпы ұзындығы 4,9 шақырымдық жеті көшеге өңдеу жасалуда. Ол араның ұазындығы 21 шақырымды құрайды, – дейді Шет ауданы әкімдігінің ресми өкілі Дархан Смайылов.
Мұның сыртында Ақадырдан Өспен және Жарық ауылдарына дейінгі жол да жаңартылу үстінде.
Өткен жылдары жол төсемінің бір бөлігі ретке келтірілді. Биыл тағы 30 шақырымды қамту жоспарлануда.
Мердігерлердің жұмысын тұрғын -үй коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы" Қарағанды облыстық филиалының мамандары қадағалауға алған.