Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:47, 12 Мамыр 2020

Біз Абайды танып болдық па?

Мерейтойқарсаңында ұлы ақын туралы аз жазылып жатқан жоқ. Әркiм өз өресiне қарай Абайшығармаларының байыбына барып, тереңнен қарпып айтқандар да, бетiнен қалқыпайтқандар да баршылық.

Тiптi Абайдың сөзiн жеткiзгеннен гөрi ұлы ақынныңшарапатымен өзiн өткiзуге тырысатындар да жоқ емес. Ең ғажабы, Абай«соқтықпалы, соқпақсыз жерде» жүрiп-ақ бiр өзi бүкiл қазақты алақанға салғандайашып көрсеткен едi. Ал бiз, бар қазақ жабылып, осы күнге дейiн бiр Абайдытүсiндiре алмай келемiз.

Жалпы,Абайды тап басып тану қай кезеңде де оңайға соқпаған. Мәселен, Абайға заманыбiртабан жақын, осы ғасыр басындағы ең сауатты адам Ахмет Байтұрсыновтай-ақболар. Сол Ахаң өзiнiң «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласында былай деп жазады:«1903 жылы қолыма Абай сөздерi жазылған дәптер түстi. Оқып қарасам, басқаақындардың сөзiндей емес. Олардың сөзiнен басқалығы сонша – әуелгi кездежатырқап, көпке дейiн тосаңсып отырасың. Сөзi аз, мағынасы көп. Терең. Бұрынестiмеген адам шапшаң оқып шықса, азына түсiнiп, көбiнiң мағынасына жете алмай қалады,– деп келедi де: – Бiрақ ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан болған кемшiлiкемес, оқушылардың түсiнерлiк дәрежеге жете алмағанынан… Айып – жазушыда емес,оқушыда», – деп тұжырымдайды. Ұлы ғұлама осы мақаласында Абай шығармаларының күретамырынқалай дөп басқан десеңiзшi!

Алашазаматтарынан кейiн Абайды түбегейлi зерттеген, ақын тұлғасын көркем сөзбенсомдап, дүйiм дүниеге танытқан кiсi ұлы Мұхаң, Мұхтар Әуезов екенi белгiлi.Осынау киелi де қиын тақырыпты сол кезде басқа бiреу емес, Әуезовтiң қолға алуықазақтың бағы десе болады. Бұл өзi ағысы қатты қос өзеннiң бiр арнада тоғысып, қосылажөңкiлгенiндей аса ғажайып құбылыс. Алайда ұлы ақын өмiрiнен төрт томдық эпопеяжазған, қаншама зерттеу мақалаларын арнаған сол Мұхаңның өзi Абайдың сан-салалы қырларын түгел айтып тауыса алмай кеттi.Өресiнiң, бiлiгiнiң жетпегенiнен емес, айтқызбады. Ұлы жазушының тiлiне тиексалып, қаламына қарауыл қойды.

Иә, Абай –телегей-теңiз. Ол ешкiмнiң де құшағына сыймайды. Абайды тану – қазақ халқынтанумен бiрдей. Өйткенi қазақ қауымын дәл Абайдай танып, Абайдай түсiндiргенешкiм жоқ. Қазақтың бойындағы мiн-мерез, шер-шемен, кем-кетiктi де Абайдай қазбалап,жерiне жеткiзе ашып көрсеткен екiншi адамды тағы таппайсыз. Тiптi байыбынабармаған кiсi «ұлы ақын өз халқын сұмдық жек көрген бе, қалай» деп ойлап қалатындай…Оны солай үстiрт түсiнген мысықтiлеулi бiреулер кейiнгi кезде Абайдыңтрактаттарынан орыс газеттерiнде үзiндi аударып басып, «мiне, өткен ғасырдағы қазақтардыңсиқы осындай» деп,табаламақ болғаны да жайдан-жай емес.

Ондайлар жалаң сөзге жармасқанымен,Абайдай ұлы патриоттың жан сырын, жүрек лүпiлiн қайдан түсiнсiн?! Анығынакелгенде, өз ұлтын дәл Абайдай сүйген адам жоқ шығар. Оның айтар сыны, тағармiнi де, кейде өз ағайындарына көңiлi толмай күңiренуi де сол ұлы махаббаттантуған. Абай – қазақ ұлтының рухани әкесi. Өз халқының балалығы мен шалалығынбасқа ұрып айту, көзге шұқып көрсету Абайдай ұлыларға ғана жарасады.

Мерекелiк шағын мақалада бiз Абай туралыәлдебiр жаңалық ашайық деген ойдан аулақпыз. Тек бұрын-соңды жазылған еңбектердебой көрсетiп қалатын кейбiр түйткiлдерге ғана тоқталғымыз келедi. «Сенбе жұртқатұрса да қанша мақтап» деп, ақынның өзi айтқандай,Абай әлемi қашанда көпiрме мақтауды, сырты жылтыраған әсiреқызыл сөздердi қажетсiнбейдi.Кейде ұлы ақынға теңеу таппай қалғанда, «Абай – пайғамбар» дейтiнiмiз бар. Бұлсөздi бұрынғы өткен ұлы билерге де орынды-орынсыз қолданып жүрмiз. Содан тыйылуымызкерек. Әсiлi, пайғамбардың мағынасы – Алла тағаланың жерге жiберген елшiсiдегендi бiлдiредi. Ең соңғы пайғамбар – Мұхаммед. Ислам дiнiне пәлендей жетiкболмасақ та, бәрiмiз де сол Мұхаммедтiң үмбетiмiз. Ендеше, сауатты адамдарша әрнәрсенi өз атымен атағанымыз жөн. Абайдың өзi де «мен – пайғамбармын» деп айтпаған.Алланың өзiне де, сөзiне де, оның жердегi елшiсiне де риясыз сенген. Бiздiңше,Абай – пайғамбар емес, ұлы ұстаз, данышпан ақын, кемеңгер хакiм. Қазақта өлеңсөздi таққа отырғызып кеткен поэзия патшасы. Бiз ақын бойынан жоқты iздемей-ақ,барын танып бiлсек те аздық етпейдi.

Данышпандықтың бiр белгiсi: адамзатқа неқажет, не қажетсiз, не нәрсе мәңгiлiк, не нәрсе науқандық екенiн дәл ажыратабiлуiнде болса керек. Кеңес дәуiрiндегi кейбiр зерттеушiлер «бәрiн бiлiп, бәрiнсезген Абай, амал не, таптық күрестi түсiнбедi, пролетарлық төңкерiстiңтабалдырығына келiп тоқтап қалды» деп қатты қынжылушы едi. Ақынға тағар айыптыңүлкенi де сол болатын. Иә, кемеңгер Абай «таптық күрес» дегенге пәлендей мәнберген емес. «Байда мейiр, кедейде пейiл де жоқ, Аңдыстырған екеуiн құдайым-ай!»деп, қоғамның мәңгi бiтпес қайшылығын екi жол өлеңмен айтты да қойды. Ұлыгуманист адамзатқа қажет асылды байлықтан не кедейлiктен емес, адамның өзбойынан: ақыл, қайрат, жүректiң үйлесiмiнен iздедi. Ақынның әсiреқызылға қызықпай,шындық пен өтiрiктiң, ақиқат пен айқайдың шекарасында кiлт тоқтағаны қандайкөрегендiк?! Айқайдан бiрдеңе өнетiн болса, бiздiң ақындар жарысқа түскендей таптартысын тәуiр-ақ жырлады ғой. Бiрақ содан не шықты?

Иә, бiз ұзақ жылдар бойы Абай мұрасынатек таптық тұрғыдан қарадық та, ол ашқан жаңалықтар мен ол барған тереңдiктергекөп бойлағанымыз жоқ. Ақынның дiнге деген көзқарасы, кемелдiкке жеткен «толықадам» туралы қағидалары сол күйi қозғаусыз жатты. Сондай тың жатқан дүниелердiңбiрi  Абай орыс отаршылдарын қалай қабылдады,ақын шығармаларында басқыншыларға қарсы сарын аңғарыла ма деген сауалғатiреледi. Ақынның «дүниенiң кiлтi, өнер-бiлiм – орыста» деген белгiлi сөзiнкөлденең тартып, «Абай тым орысшыл болған жоқ па?» дейтiндер де табылды.Кейiнгi кезде осы тақырыпта мақала жазған авторлар Абайды «ақтайтын» дәлелдерiздеп, қара терге түсiп жүр.

Иә, әкесi Құнанбай қажы өз кезiнде сынтаққанындай, Абайдың «орысшыл» болғаны рас. Жалғыз Абай ғана емес, оныңалды-артында жасаған Шоқан, Ыбырай сынды ұлы ағартушылар да осы жолды ұстанды.Бiрақ сол ұлы ғұламалардың қай-қайсысы да дүниеде бiр-бiрiне кереғар екi Ресейбарын жақсы бiлдi. Тегiнде, данышпандар қателес-пейдi. Егер Абай «өнер-бiлiм – орыста» десе, сол заманда ол да айдай ақиқатболатын. Әрине, ұлы ақын дүниежүзiн түгел аралап көрген жоқ. Алайда ол кезде қазақдаласымен iргелес жатқан елдер iшiнде өнер-бiлiм, өркениет жағынан дәл Ресейментерезе теңестiретiн жұрт жоқ едi. Абай заманында орыстар өзiнiң алтын ғасырынбастан өткiзiп жатты. Абай үлгi тұтқан, өнерiнен өрiс тауып, сарқылмас азық алғанол кездегi орыс пен қызыл империя тұсындағы,бiз көрiп жүрген орыстың үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Не керек, Қазан төңкерiсiнжасағандар басқа бодан халықтарды былай қойып, орыс халқының да бетiндегi қаймағынсыпырып тауысқан ғой. Орыс әулетi аз жылда өзiнiң зиялы дворяндарынан, iскеркөпестерiнен, өнерпаз шеберлерi мен жер қадiрiн бiлетiн ауқатты шаруаларынан жұрдайболып, бiрыңғай мұжықтар елiне – тексiз тобырға айналып шыға келдi. Соңғыжетпiс жылда орыс атын жамылған кiрме жұрт өкiлдерi Ресейдiң ядролық қаруын  жасап, ғылымын дамытып, музыкасын, киносынкөркейтiп, қыл аяғышахматына дейiн ойнап бермегенде, бұл елдiң жағдайы мүлде мүшкiл болар едi.Егер Абай бiр сәт тiрiлiп, ортамызға оралар болса, «қалың елi – қазағын» ғанаемес, бүгiнгi орысты да танымай қалар едi.

Ал Абай орыс отаршылдығын сезiндi ме,олар орнат-қан тәртiпке қарсы күрестi ме деп сұрақ қоюдың өзi әбестiк. Өмiр бойы «мыңменжалғыз алысқан», жаралы жүрегi «махаббат пен ғадауаттың майданына айналған»Абай сонда кiммен шайқасып жүр деп ойлайсыз? Өз басынан ырқы кеткен, шарасыз,кiрiптар халқымен бе? Жоқ. Ұлы ақын отаршылдар орнатқан тәртiппен, солар егiп,өсiрген арамшөптермен алысып өттi.

Рас, Абай «мынау – сенiң жауың» деп,басқыншыларды басқа ұрып көрсеткен жоқ. Өз халқын балтаға – қарулы көтерiлiскеде шақырмады. Қарулы қақтығыс шыға қалса, ол кезде оның немен тынарын Абай жақсыбiлдi. Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық қозғалысы қанға боялып, қасiретпен аяқталғандаАбай небәрi екi жаста еді. Ұлы ойшылкейiн есейе келе,ол оқиғаны зерттемеуi, тиiстi қорытынды шығармауы мүмкiн емес. Бәлкiм, Абайдыңбаянды да бейбiт күрес жолын таңдауына сол оқиға себеп болған шығар.

Жоғарыда айтқанымыздай, Абай өз халқынмiнеп-сынағанда өте-мөте өшiге шүйлiккенi: жаңа заманның би-болыстары,партияшыл, жiкшiл ру басыларымен ел iшiне iрiткi салған атқамiнерлер, қу-пысықтар екенi жұртқа белгiлi.Осылар кiмдер? Қайдан пайда болған адамдар? Қазақ халқы тумысынан солай ма? Жоқәлде заманына қарай бертiнде бiткен мiнез бе? Әрине, бұлардың бәрi де қазаққабодандық дәуiрде кейiн жұққан iндет. Абылай, Қабанбай заманында бұлардың бiрде-бiрiболмаған. Жаңағы жағымпаз, жемқор болыс та, партияшыл, жiкшiл, қу-пысық та –бодандық, құлдық дәуiрдiң зағип перзенттерi. Абай найзаның ұшын,ең алдымен,осыларға қаратты.

Абылай хан дүниеден өткен соң, Қазақордасы бiрте-бiрте ыдырап, солтүстiк аймақтар Ресейдiң, оңтүстiк өлкелер Бұхармен Қоқанның телiмiне түскенi мәлiм. 1822 жылы Қазақ хандығы таратылып, округтермен аймақтар патша өкiметiне тiкелей бағынатын болды. Бастан билiк, қолдантiзгiн тайған соң, кешегi асау-арда көшпендiлер байырғы мiнезiнен жаңылып, қолғатұрар қой торыға айналды. Дала тұрғындарына тән батырлық, мәрттiк, серiлiктiңорнын ендi жалтақтық, жасықтық, екiжүздiлiк басты. Опасыздар мен сатқындарсанатқа қосылып, ел қамын жеген Едiгелер қуғынға ұшырады. Заманы солай болған соң,ел iшi азғындап, баяғы батырдан – барымташы, барымташыдан – ұры, ұрыдан – қары,қарыдан – бәрi туды. Мiне, ұлы Абай есейе келе,осындай ортаға тап болды. «Бас-басына би болған» берекесiз жұртпен қай биiккешығарсың? Қай басқыншымен тiресерсiң?!

Бұрынғы бабалар заманында бәрi басқашаболғанын «Отыз тоғызыншы сөзде» Абайдың өзi де еске алады: «Рас, бұрынғы бiздiңата-бабаларымыздың бiлiмi, күтiмi, сыпайылығы, тазалығы төмен болған. Бiрақ бұлзамандағылардың артық екi мiнезi бар екен. Ол екi мiнез қайсы десең, әуелi олзаманда ел басы, топ басы деген кiсiлер болды. Екiншiсi – намысқор келедi екен.Ата аталып, аруақ шақырылған жерде ағайын өкпе-араздыққа қарамайды екен, жанынсалысады екен».

Бұл арада Абай қазақтың тәуелсiз, өзбилiгi өзiнде тұрған кезде намысын ешкiмге жiбермейтiн берекелi, iргелi ел болғанынайтып отыр. Амал не,  өткен ғасырдың екiншiжартысына келгенде содан жұрнақ та қалмады. Құлдық пен кiрiптарлық адамдармiнезiн қалай өзгерттi дейсiз ғой? Оқып көрiңiз:

«Мәзболады болысың,

Арқаға ұлық қаққанға.

Шелтiрейiп орысың

Шендi шекпен жапқанға...»

Ол заманда қазақтың қолы жеткен ең үлкенмансап – болыс десек, ел тiзгiнiн ұстап жүрген сол болыстардың сиқы әлгiндей.Ал ендi мына жолдарға назар аударыңыз:

«Бiраршопке шапаны сондай шап-шақ,

Мүшесiненбуынып, басады алшақ,

Қасын алғажымырып келтiрем деп,

Ақ тымақтың құлағысалтақ-салтақ.

Жазды күнi ақбөркi бүктелмейдi-ақ,

Қолында бiрсабау бар о дағы аппақ.

Керегеге сабауыншаншып қойып,

Бөркiн iлiп қарайдыжалтақ-жалтақ...»

Бұл кiм дейсiз ғой? Бұл – ауылда түтiн аңдып,бос сандалбаймен күн өткiзетiн, белгiлi кәсiбi не тұрлаулы еңбегi жоқ, «сымпысшолақ, қу борбайлардың» сырт келбетi.

«Сыбырданбасқа сыры жоқ,

Шаруаға қыры жоқ,

Өтiрiк-өсек мақтанға

Ағып тұрғанбейне су.

Ат-шапаннан кемкөрмес,

Бiреу атын қойса«қу».

Немесе:

«Барыпкелсе, Ертiстiң суын татып,

Берiп келсе,бiр арыз бұтып-шатып.

Елдi алып,Едiлдi алып есiредi,

Iсiп-кеуiп қабарыпкеле жатып...»

Бұл кiм? Бұл – аздаған хат сауаты бар,бiрақ бiреудiң үстiнен арыз айдап пәле жаппаса,iшкен асы бойына тарамайтын, ел iшiн ала тайдай бүлдiрiп жүрген қу-пысықтың нағызөзi.

Мiне, Абай өмiр бойы осылармен алысыпөттi. Ызалы жүрек, долы қол бар уытын осыларға төктi. Соларды өлтiре сынау арқылыотаршылдарға қарсы оқ атты. Тегiнде, бодандық пен кiрiптарлықтың халыққатигiзетiн ең үлкен зардабы – бас еркiңнен айырғаны не бар байлығыңды бұлап-талағаныемес, жуыр маңда тазармайтындай етiп құлдықтың неше алуан дертiн егiп кеткенi. Қазiртәуелсiз ел болған кезiмiзде билiктi де, байлықты де қайтарып алармыз-ау. Бiрақотаршылдар бойға әбден сiңiрiп кеткен сатқындық пен мәңгүрттiк түп етектен оңайайырыла қояр ма екен?! Демек, Абай бастаған күрес әлi тоқтаған жоқ. Ұлы ақынөзiнiң ойлы да мұңды жырларымен бiздi әлi де болса азаттыққа, кемелдiкке шақырыптұрғандай.

Анығына келсек, Абай туралы әңгiме ендiбасталды. Бiз бұл сапар өз ойымызды осымен тиянақтаймыз. Сөз соңында айтарымыз:қазақ мәдениетi тарихында Абай – теңдесi жоқ дара тұлға.

Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ, жазушы

Тегтер: