Біз елді шатастырып отырмыз

Нақтылай кететін бір нәрсе бар: ол – 31 мамыр. Неге екенін қайдам, 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп белгіленді.
Ол күні ашаршылық не болмаса саяси қуғын-сүргін көргендерге байланысты ешқандай қаулы шыққан жоқ. Ол күні ешкім атылған да жоқ. Бір белгілі жайт, алғашында Саяси қуғын-сүргін құрбандары күні деп емес, Ашаршылық құрбандары күні деп жариялаған. Бұл қисынға келетін еді. Артынан бұл атауды өзгертіп, Саяси қуғын-сүргін құрбандары деп атап кетті.
Шын мәнінде екі түрлі нәрсені шатастырған. Саяси қуғын-сүргін құрбандары күні деп, ақпан айын алу керек еді. Сол айда 18 нарком атылған болатын. Тарихтан ешқандай хабары жоқ депутаттар 31 мамырды Ашаршылық күні деп жариялап жіберді. Бәлкім, бұл жерде аштан қырылып, қыс бойы қар астында жатқан денелерді көктемде жинап көмді ғой. Соған орайластырып алған болар. Шын мәнінде ашаршылық құрбандары Кеңес өкіметінің әлеуметтік-аграрлық реформасының салдарынан қырылған. Ал қуғын-сүргін құрбандары деген кімдер? Олар – 58, 102, 111-баптармен атылғандар. Яғни ұлтшылдар, контрреволюционерлер, шпиондар. Ал оларды ашаршылық құрбандарымен шатастыруға болмайды. Сондықтан екеуіне екі күн белгілеген жөн.