Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:30, 18 Қараша 2022

Біз кешірімді халықпыз...

None
None

Жерімді келгендер көп талайын деп,

Байлығын қарпып, басып қалайын деп.

Халқымыз өз жерінде өзі қор боп,

Қазағым жүр солардың малайы боп.

 (Жұма-Назар Сомжүрек).

Егемендік алған 1991 жылдан бастап С.Терещенко, Ә.Қажыгелдин, Н.Балғынбаев, И.Тасмағамбетов, Д.Ахметов, К.Мәсімов, А.Мамин  сияқтылар басқарып, елімізді көгертпеді. Д.Ахметовке Құдайдай сеніп едік, оның да құлқыны кең екен. Сергей Терещенконың байлықтарынан басқа 200 га жері бар екенін дәлелдеп, «Жер және қазақ тағдыры» комиссиясының төрағасы, елім, жерім деп жүрген адал жазушымыз Сапабек Әсіпұлы оны газетке жазған болатын.

Қанша жамандасақ та совет үкіметінің 70 жыл бойы салып берген зәулім үйлері мен жұмыс, жоғары оқу орындары, мектеп, балабақшалар, зауыт-фабрикалар, колхоз-совхоздар, газ, су, электр жүйелері тегіс жеке қолға сатылып, халқымыз тегін емделіп, балалар тегін оқып, тегін жатақханаға орналастыру тоқтатылды. Жұмыссыз қалған халық суы, газы, жарығы жоқ үйлерін тастап, жұмыс іздеп, көшіп, ақтабан шұбырындыға айналды. Есік-терезесіз, иесіз қалған қалалар, колхоз, ауылдарды қоспағанда, 50 қала 2 жылдың ішінде қираған екен. 30 жыл бойы инвесторларға 50-60 жылға шарт жасасып, қалған жұмыс орындары мен мұнайдан бастап, бар қазба байлықтарын түк қалдырмай талап, қазағымыз жер сипап қалды. Енді Нұрсұлтан Назарбаевтың орнына келген Қасым-Жомарт Тоқаевты кінәлап, жаңа Қазақстанды орната салмады дейді. Қайырымсыз ұрылардың тоналған жұртына келген жалғыз Тоқаев не істей алады? Үкімет басындағылардың бәрі Назарбаевтың адамдары емес пе? Олар ашыққан елдің қамын ойламаған және ойламайды да.

Біз кешірімді халықпыз, қытай сияқты ұрылардың басын да, қолын да кеспейміз. Оларды Құдай жазалайды, ұрлағанының рахатын көрмей, азабын тартары айқын.

Ертеректе қаруланған орыс патшасының бұйрығымен бейбіт елге бүлік салып, Алматы, Бурабай, Көкшетау, Оқжетпес сияқты орманды қалалардан қазақтарды қуып шығып, казактарды көшіріп әкелді. Орыстың қазаққа берген азабы өз алдына бір тарих. Сол орыстардың алдынан шығып, қошеметтеп, бетінен сүйеміз, өз тілімізді менсінбей, өсіп келе жатқан ұрпағымызбен де солардың тілінде сөйлесетін болдық. Олардың «бараны», «калбиты», «тупые» деген мазақтарын да есепке алмаймыз.

Малмен күнін көрген қазақтарды шөл және шөлейт далаларға қуып, жуынарға, ішерге суы жоқ, мектеп, тіпті жерінде шөп те жоқ, елді ашқұрсақтыққа апарған осы орыстар емес пе еді.

Енді өзімізге келсек, «іштен шыққан жау жаман». Қазақстанның жер асты байлықтарын айтпағанның өзінде, тек мұнайдан түскен пайдасы еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін бас-басына 5 мың доллардан келеді екен, ал бізге 5 доллар да бермейді деп «Ақиқат» журналына 2005 жылы жазылып еді. Сол сияқты елдің аузынан жырып, халықты теспей сорып, ұрлаған байлықтарын шетелге, жертөлеге тығып, бірнеше қарауылдар жалдап жинаған байлықтың не рахаты бар?

«Атымды адам қойған соң,

Қайтіп надан болайын.

Халқым надан болған соң,

Қайда барып оңайын.

Таппадым көмек өзіме,

Көп наданмен алысып,

Көнбеді ешкім сөзіме

Әдетіне қарысып», – деп ұлы Абай күйінген екен.  

Еліміз аман, жастарымыз құл болмаса екен.

Тегтер: