Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:00, 06 Қазан 2021

Біз қателесіп келіппіз...

None
None

Қазақстанның көп мақтаған көпвекторлы саясатының күлі көкке ұшты. 

     Қазақстанның көреген билігі көпвекторлы саясат жүргізіп келеді деп сайраушы еді.

Енді сол көпвекторлы саясатымыздың күні біткенге ұқсайды.

     Ресей Қазақстанға АЭС салатын болды, Қазақстанның eGov электронды үкіметінің орнын ресейлік «Сбер» жүйесі басады, Ресей қазақтың Тұран жолбарысын тірілтіп береді деген жаңалықтардан түңіле бастағанымызда енді ЕАЭО тарапынан Еуроодақ пен АҚШ-қа қарсы қарымта санкциялар дайындалып жатқаны туралы тағы бір жаңалықты құлағымыз шалды. Сөйтсек, ЕАЭО-ға қатысушы елдер батыс санкцияларына жауап ретінде өзінің қарымта шаралар тізімін бекітуге кірісіпті.

      Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілі Ия Малкина мәлімдегендей, ЕАЭО-ның әзірленіп жатқан Еуроодақ пен АҚШ-қа қарсы санкциялық шаралар тізімі келісілгеннен кейін ЕАЭО-ға мүше елдердің мемлекет басшыларының бекітуіне беріледі екен. Айтпақшы, Еуроодақ, АҚШ пен Ұлыбританияның қысымынан әбден мезі болған Беларусь басшысы Александр Лукашенко бұл санкциялар тізімін қос қолдап қолдап отыр деседі.

       Биыл жазда ЕАЭО-ның батыс елдеріне қарсы қарымта санкциялары туралы әңгіме алғаш пайда болғанда қазақстандық билік ат-тонын ала қашып еді, «Қазақстан Республикасының бұл санкцияларға еш қатысы жоқ, біз деген көпвекторлы саясат ұстанатын, бүкіл әлеммен достық қарым-қатынаста, бәрімен бірдей еркін сауда-саттық жасасатын тәуелсіз мемлекетпіз» деп. Бірақ шындық сол – көпвекторлық саясатымыз осымен аяқталатын сияқты. Санкциялар жарияланған соң, Еуроодақ пен АҚШ енді Ресеймен бірге Қазақстанға да жау болады.

Тегтер: