Біз қазір сындарлы сәтте отырмыз- Бас мүфти

Бүгін қазақстандықтар қасиетті Құрбан айт мерекесінтойлап жатыр.
Осы жылы бұл мереке 31 шілде мен 1-2 тамыз аралығында аталып өтеді.
Бірақкаратинге байланысты еліміздегі мешіттер жабық болады.
«Биыл Құрбан айт мерекесі ғұламалар кеңесінің бекітуімен 31 шілде, 1-2тамыз күндеріне сәйкес келіп тұр. Алайда елімізде карантин мерзімі 2 тамызғадейін ұзартылғандықтан, республика бойынша мешіттер жабық болады. Осығанбайланысты 31 шілде күні Құрбан айт намазы оқылмайды», — дейді Қазақстанмұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Бас мүфти биыл құрбан шалу қашықтан жүргізілетінін, ол үшін qurban2020.kzсайты іске қосылғанын атап өтті.
"Құрбан шалу ұлық ғибадат әрі жағдайы келген мұсылманға құрбан шалууәжіб екені белгілі. Осынау ұлық ғибадатты орындау мақсатында Діни басқарма елмұсылмандарының өтінішін ескере отырып, биыл алғаш рет Құрбан айт қарсаңындахалықаралық тәжірибеге сүйеніп, қашықтан құрбан шалу жобасын қолға алды. Осымақсатта qurban2020.kz сайтын ашып, 24 шілдеден бастап, 24 сағат бойы іскеқосылады. 30 шілдеге дейін құрбандық шалуға онлайн тапсырыс қабылдайды. Кезкелген азамат онлайн түрде құрбан шалуға тапсырыс бере алады", — деген едіол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сондай-ақ, Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарды сабырға шақырды.
«Біз — өткенге салауат айтып, Алланың арайлапатқан әрбір таңынан жақсылық күткен халықпыз. Рухымызды түсірмей, сын сағаттасағымызды сындырып алмайық. Қадірлі жамағат, біз қазір сындарлы сәтте отырмыз.Мұндайда халық даналығы „Бетеге кетсе, бел қалар. Бектер кетсе, ел қалар.Берекең кетсе, не қалар?“ демей ме?», — деді бас мүфти.