Біздің балалар да роботтарды бағындырып жатыр

26.06.2018, 19:15

166

Әдетте робот, автоматтық құрылым, трансформерлер тек шетел ғалымдарына ғана тән дүние сияқты болып көрінетіні бар. Көгілдір экраннан шетел өнертапқыштары, әсіресе жапон елінің ғалымдары түрлі роботтарды ойлап тауып, көпшіліктің алдында сыннан өткізіп жатқанына талай мәрте куә болдық. Тағы бір айтары, шетелдік өнертапқыштар көбінесе жап-жас, тіпті студент, жоғары сыныптың оқушылары екені қатты таңғалдыратын.«Болмасаң да ұқсап бақ» деген, қазақстандық жеткіншектер де соңғы жылдары осы өнерге қатты қызығушылық танытуда. Әсіресе бүгінде Қазақстанда робототехникаға көп көңіл бөлінуде. Арнайы мектептерде ғылымға құштар балалардың өз арманын жүзеге асыруға, өз қиялдары бойынша түрлі автоматтық құрылымдарды жасауға барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Өнертапқыштықпен шұғылданып жүрген өрендердің тәжірибесін ұштай түсу мақсатында жақында «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының ұйымдастыруымен Астанада робототехникадан World Robot Olympiad республикалық чемпионаты аяқталды.Бұл жарыс төрт санаттан тұрды: дәстүрлі «базалық», «креативті», «роботтар футболы» және жаңа санат – Smart city. Әрине, ғылымды дамытуға арналған мұндай бәсекенің басқалардан өз ерекшелігі болуы керек қой. Сондықтан жарыстың ашылу салтанатының өзі жас ғалымдардың фантазиясына толы болды. Яғни «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ төрайымы Күләш Шәмшидинова жарыстың тұсауын кесіп, жас робототехниктерге сәттілік тілегеннен кейін дәстүрлі қызыл лентаны бұл жолы Күләш Ноғатайқызына екі дрон төбеден ұшырып әкелді. Мұны зал таңғалыспен және қошеметпен қарсы алды.Жалпы алғанда, WRO 2018 бұл жолғы тақырыбын астың маңызына арнады. Яғни жобалардың басым бөлігі тағамдармен байланысты болды. Органикалық су капсулаларын жасайтын робот, тағамға арналған 3D принтерлер, жарма ботқасын дайындайтын робот, ақылды азық-түлік дүкендері, роботтық саңырауқұлақ фермасы, робот бағбандар –  балалардың әкелген идеялары тың әрі қызықты екені байқалды.Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жұлдызды командасының биылғы идеялары да әдеттегідей ерекше болды. Атақты бапкер Николай Авдюниннің бастамасымен жас өнертапқыштар Даниил Филимонов пен Абдырасул Расулов Space garden немесе «Ғарыштағы жылыжай» деп аталатын жұмыстарын қазылар алқасына ұсынды. Бұл құрылғы ұзақ ғарыштық экспедицияларға арналған кеңістіктегі өсімдіктерді автоматты өсіру болып табылады. Робот станцияда ұшып жүріп егін егіп, оны жинаумен, сонымен қатар күтіп-баптаумен айналысады. Сайыста аштыққа қарсы жаһандық күреске арналған бірқатар қызықты жобалар болды.Hunger Fighter деген атаумен ұсынылған жұмысты Ақтөбе қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Тимур Жаникаев пен Асан Қожин жасаған. Олардың роботтары тағамды молекулалық асханалық принцип бойынша дайындайды және тасымалдау кезінде азық-түлікті ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік береді. Шымкент қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары «Заи» жобасының негізін жасаған. Топырақты қайта қалпына келтіретін жобаның негізін қалауға олар африкалық фермердің тәжірибесінен алыпты. Якуб Савадого есімді фермер дәстүрлі африкалық агрономия арқасында Буркино-Фасодағы қуаңшылықпен күрескен.Дәл қазір көрші Ресей төрінде футболдан өтіп жатқан әлем чемпионаты балалардың ерекше қызығушылығын оятса керек. Петропавл қаласының зияткерлік мектебінің командасы «Футбол роботтарын» жасап, осынау үздік ойыншылар осы чемпионаттың жеңімпаздары атанды.Енді барлық жеңімпаздар жаттығу кездесулеріне қатысады және алдағы уақытта Таиландта өтетін Дүниежүзілік роботтар олимпиадасында ел намысын қорғау үшін ұлттық команда болып құрылатын болды. Бұл, әрине, жас ғалымдарымыздың өнертапқыштыққа деген қызығушылықтарын арттыра түсетіні ақиқат.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31