11:15, 10 Қаңтар 2022
Бизнеске келген шығын 94 млрд теңгеге жуықтады – «Атамекен»

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстандағы тәртіпсіздік салдарынан бизнеске келген шығын туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Жас Алаш».
Аталмыш палатаға 10 қаңтардағы сағат 09.
00-дегі жағдай бойынша байланыс орталығына 2774 қоңырау түсті.
Оның ішінде:
- Мародерлық мәселелер бойынша – 1406;
- форс-мажор – 39;
- блок-бекеттер – 2;
- зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 3;
- жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1324.
Елдің 9 өңірінде 1488 нысанда орналасқан 1 319 бизнес субъектісі зардап шекті, оның басым бөлігі Алматы қаласында – 1399 нысанда орналасқан 1234 субъект.
Зардап шеккен бизнес салалары:
- Сауда – 1245;
- қоғамдық тамақтану – 25;
- қаржы секторы – 37;
- логистика – 9;
- БАҚ – 2.
Шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 93,7 млрд теңгеден асты. Оның ішінде Алматы қаласына келген шығын – 92,2 млрд теңге.